Онлайн газет



Мәдени сапаны көтеруге кепілдік

Елбасының әрбiрiмiзге ой салатын елiмiздiң әлеуметтiк жаңғыртылуына байланысты 20 қадамын оқып шықтым. Мақалада  бағыт-бағдарлар әрбiрiмiздi өркениет көшiнен қалмай өрге ұмтылуға жiгерлендiредi, бәсекеге қабiлеттi, күштi болуға үндейдi.


Бұл жолғы 20 қадамды iске асыруда мәдениет саласындағы кем-кетiктердi көрсете отырып, бұдан былай ұлттың мәдени сапасын жаңа деңгейге көтерудiң тиiмдi жүйесiн құруға шақырады. Соңғы он жылда мәдени нысандар саны артқанымен, халықтың мәдениет мекемелерiне бару деңгейi осы саланың даму динамикасынан кейiн қалғанын орынды сынға алған. Атап айтқанда, бұқаралық iс-шараларды көбiрек өткiзiп, оған әлеуметтi қамту жергiлiктi билiк органдары өкiлдерiне үлкен жауапкершiлiк жүктейтiнiн  айтқан. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне бірнеше тапсырмалар берілген.Соның ішінде өңірлер арасында экономикалық және мәдени жетістіктер туралы ақпараттар алмасуды қажетті деңгейге көтеру, Қазақ ұлттық  электронды кітапханасының қорын ұлғайту жоспарланған. Елбасының басым бағыттары әрбір қазақстандықты жауапкершілігі зор міндеттерге бастап қана қоймай, сол жолда қажырлылықпен еңбек етуге бар күш-жігерімізді жұмсауға үндейді.

 

С.Өмірбекова,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

Обновлено 13.08.2012 11:58
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1921
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1921
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36204
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196685

Серіктестер