Онлайн газет



Әсем ән мен тәтті күйден шашу шашты

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

“Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік болады”  деп Елбасымыз айтқандай,  өсетін елдің өнегелі ұрпағы қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды өмірлік мұрат еткен. Сондықтан “Үйдегі қарияң – жазып қойған хатпен тең”, «Қарты бар ел – қазыналы ел»  деп

 

тегін айтылмаған. Өкінішке орай, жастық жалынын, күш-жігерін ел мен жердің гүлденіп-көркеюіне, ұрпақ өсіруге арнаған ата-әжелеріміздің  қартайған шағында өзінің отбасынан пана таппай мемлекет қамқорлығына алынып жатқаны қаншама?
Өз кіндігінен тараған ұрпағының сүйіспеншілігіне бөлене алмаған жандардың  көңілдеріне қуаныш сыйлау мақсатында Бурыл ауылдық округінде орын тепкен “Өнер мектебінің”  өнерпаздары  Тараз қаласында орналасқан  Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне атбасын тіреді. Аталмыш мектептің  директоры Н.Алимбаев, оқу ісінің меңгерушісі Г.Наханова және тәрбие ісінің меңгерушісі  Н.Назарбековтің мұрындық болуымен өнерлі  оқушылар “Біз сіздерді құрметтейміз” атты шығармашылық концертті ақсақалды қариялар, ақжаулықты аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнады.
Анықтама үшін:
Бурыл ауылдық округінде орналасқан  «Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2007 жылдың  соңында  есігін айқара ашып, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап домбыра, қобыз, фортепиано, хореография, бейнелеу өнері, сәндік қолданбалы өнер, зергерлік өнер, вокал сыныптарына талапкерлерді қабылдаған екен. Бүгінде аталмыш  білім ошағында Бурыл, Құмжота, Көктал, Қызыл жұлдыз ауылдарынан 240 оқушы дәріс алып жатыр.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын мектеп директоры Н.Алимбаев  басшылық ететін білім ошағында  ұстаздық ететін жоғары білімді 17 педагогтің шәкірттері бүгінде  халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы атанып қана қоймай, жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, білімгер атаныпты.
Концерттік бағдарлама алдында оқушылардың қолынан шыққан көрмені тамашалаған  қауым  жас әнші  Ә.Асанның  орындауында “Мама” әнін ұйып тыңдады.  М.Базылбаева фортопьянада Ф.Шопен, Моцарт, Бетховеннің туындыларын асқан шабытпен орындап, тыңдарманын тамсантумен болды. Ансамбльдің орындауында Абайдың   “Көзімнің қарасы”, “Кестелі орамал” әндері өте әсерлі шықты.  М. Тоқбайдың әуелете шырқаған халық әні  “Балапан қаз”,  домбыршылардың орындауындағы  “Шалқыма”, “Мереке”,   “Балбырауын” күйлері көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Мың бұралған бишілер өзбек, орыс, тәжік, цыган билерін асқан шеберлікпен орындаса,   жас әншілер А.Жуас салған орыстың халық әні “Коробейники”, Н.Абдуалиева шырқаған “Жаңа жыл”, Е.Нұрқалидің әуелеткен “Илигай”, Ә.Сырымбетованың “Қазақтың елі” әндері аяулы қарияларға   көл-көсір қуаныш сыйлады.
Концерттік бағдарлама соңында  “Өнер мектебінің” директоры Н.Алимбаев:  “Бүгінгі жас, ертеңгі - қария”. «Өткен менен кеткенді көп жасаған қарт білер» дегендей, аға буынның өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін маңызды. Сондықтан өмір көрген  қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ешуақытта ортаймайды”,-  дей келе,  өзі басқаратын білім ошағы атынан мектеп оқушыларының қолынан шыққан бірнеше картинаны тарту етті. Өз кезегінде №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің әкімшілігі  Алғыс хатын табыс етті, мерекелік тілектерін  әсем әнмен, мың бұралған бимен жеткізе білген өнерпаздарға қариялар қауымы  батасын берді.

 

Обновлено 06.01.2014 16:36
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1146
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1146
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12893
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990985

Серіктестер