Онлайн газет



Еселі еңбегінің жемісі


Ауданымыз аграрлық өңір болғандықтан, бұл салада жеткен жетістіктеріміз жетіп артылады. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Ел-жұртты ауылшаруашылығы өнімдерімен қамту үшін өңірімізде алаңы 1,82 гектарды құрайтын

11 жылыжайлар іске қосылған. Ал, аудандағы ірі шаруа қожалықтары - «Манат» пен «Талап» жуық арада маусымдық гидропонды жүйе бойынша тамшылатып суарып, көкөніс өндіретін жылыжайлар салуды жоспарлап отыр. Елбасының Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен  марапатталған Саха Ұзақұлы Манатов  басшылық ететін  «Манат» шаруа қожалығы  2 гектар жерге француз технологиясымен, «Талап» қожалығы 3 гектар жерге корей технологиясы бойынша көкөніс, ауыл шаруашылық  дақылдарын өсіруді қолға алған.
«Талаптың» талабы таудай. Бұған дейін де аудандағы шаруа қожалықтары ішінен ілкімді ісімен көзге түсіп жүрген «Талап» тағы бір жетістікке қол жеткізді. 
Жуырда Жамбылда агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кеңесі болып өтті. Онда ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер арасындағы дәстүрлі облыстық байқаудың қорытындысы жария етілді. Конкурс нәтижесі негізінде үздік үштіктің қатарынан көрінген «Талап» ШҚ-ның жетекшісі Мауыт Фазуловты облыс басшысы Қанат Алдабергеновтың өзі құттықтап, «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады. Еңбек даласында тер төге жұмыс істеп, оның жемісін көріп отырған «Талапқа» алда да табыстар тілейміз.            
Өз тілшіміз.

 

Обновлено 23.12.2013 16:27
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін631
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада28014
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50314
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820592

Серіктестер