Онлайн газет



Елбасы және Тәуелсіздік

Жақында Тәуелсіздік күнінің құрметіне Ленин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. Сұлтанбекованың ұйытқы болуымен “Саясаттың сара саңлағы” тақырыбында сынып сағаты  өтті. Ел Президенті Н. Назарбаевтың дара тұлғасын танытуға арналған сыныптан тыс сабақ “Жолыңыз нұрлы болғай!”, “Еңсесі биік елім бар”, “Азат елдің ар-намысы-Ата заң” бөлімдері аясында өткеріліп, мектеп оқушылары Елбасының жастық шағы, өмірі,  қазақ елін әлемге танытудағы ерен еңбегі, саясаттағы сара  жолы, қайраткерлігі туралы  кеңінен  баяндады.  Елбасының “Сындарлы он жыл”, “Жүз жылға татитын он жыл” атты еңбектеріне жан-жақты тоқталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне сипаттама берген оқушылар Астана қаласының тарихы мен бүгінгі  келбеті туралы  жырларды  жатқа оқыды,   “Елім менің” әнін шырқады.
Ата заңымыздың баптарына жеке -жеке шолу жасаған ұстаз Л. Сұлтанбекова шара барысында  “Елбасы- ел тірегі”   және “Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақстан” атты тақырыптарда  елін сүйген, елі сүйген Елбасының өнегелі өмірі, ел тәуелсіздігі , ата-бабалар аманаты туралы  мазмұнды да мағыналы баяндама жасап, осы  баяндама төңірегінде  туындаған сауалдарға  мүдірмей жауап берген оқушыларға марапаттар көрсетті.

*                       *                     *
Заңды білу-заман талабы десек, төрткүл әлемге танылған еліміздің әрбір азаматы өзінің құқықтары мен міндеттерін білуге міндетті. Таяуда Абай атындағы орта мектепте  ұстаз Қ. Тоқбергеновтің  ұйымдастыруымен  “Бала құқығы-адам құқығы” тақырыбында  өткен сынып сағатында 5 “а” сынып оқушылары  Ата заңның  баптарына тоқталып,   Ата заң туралы  қанатты сөздердің мағынасын ашып айтуға тырысты.
Ұстаз Қ. Тоқбергенов  1998 жылдың 30 тамызында қабылданған  Ата заңымыз  98 баптан, 9 бөлімнен тұратындығын,  Конституцияның  адамзат өмірінде алатын орны туралы айта келе, әрбір мектеп оқушысы өзінің құқығын біліп, өмірде қолдану қажеттігін, заңды бұзбау,  бұзған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп берді.
“Жылдар сөйлейді” атты  бөлімде  оқушылар “Бала құқығы туралы” конвенцияның тарихына тереңірек үңілсе, Тәртіп орнат” бөлімінде  еліміздің негізгі заңы, мемлекет, азамат, құқық бұзушылық, Президент сөздеріне түсінік берді.” Жалғасын тап” бөлімінде жеткіншектер   мақал-мәтелдердің екінші жолын  айна-қатесіз айтып шықты.
Сынып сағатының соңында  белсенді оқушыларға алғыс айтылды.
Өз тілшіміз.

А.Жанысбаев,
Жаңатұрмыс ауылдық округі «Жастар орталығының» ұйымдастырушысы.

Асқақ арманымыздың бастауы – «Тәуелсіздік» әрбіріміз үшін қасиетті ұғым. Ата-бабамыздың сан жылғы күресімен келген егемендікті ел жастары да қадір тұтады. Мерейлі мерекенің құрметіне Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Амангелді орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Шаметованың ұйытқы болуымен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын!» атты кеште еліміздің егемендікке жету жолындағы қиындықтары мен тәуелсіз елдің жетістіктері егжей-тегжейлі айтылса, «Тәуелсіздік таңы» тақырыбындағы бастауыш сынып оқушылары арасындағы сурет көрмесі балалар қиялымен салынған шығармаларда Қазақстанның қарышты қадамдарын бейнелеумен ерекшеленді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында патриоттық әндер айтылған әдемі кеш ел көңілінен шықса, жоғары сынып оқушыларымен бірге «Тәуелсіздік – сан ғасырлық арман, қол жеткізген шындық» атты пікір-сайыс мәнді әрі мазмұнды өтті. Аталмыш пікір-сайыс барысында ұл-қыздарымыз өз ойларын еркін ортаға салды.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін14
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2864
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38458
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949343

Серіктестер