Онлайн газет



Тәуелсіздікке тарту

Ж.Айтуғанов,
Түймекент ауылдық округінің
“Жастар орталығы” КММ-нің ұйымдастырушысы.

Еліміздегі ұлық мереке - Тәуелсіздік күнінің қарсаңында “Жастар орталығы” КММ қызметкерлерінің ұйытқы болуымен Сарыкемер орта мектебінде баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Оған спортсүйер жастар

 

қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген “Жастар орталығы” КММ-нің директорының міндетін атқарушы М.Молдабаев спорттың адам денсаулығына пайдасы, Елбасы бастап елімізде бұл салаға айрықша мән беріліп отырғанын сөз етті. Жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Тартысты додада тамаша ойын нәтижесін көрсеткен “Қызыл жұлдыз” командасы жүлделі І орынды иемденді. ІІ орынды түймекенттік спортшылар, ал ІІІ орын Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінің командасына тиесілі деп танылды. Соңында жеңімпаздар және  “Түймекент” командасының ойыншысы Ж.Байтұрсынов, “Байзақ жастары” командасынан М.Қазыбаев пен “Қызыл жұлдыз” командасынан Х.Азизов  Мақтау Грамоталарымен, Кубоктармен марапатталды.

 

Обновлено 19.12.2013 10:37
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін630
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада28013
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50313
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820591

Серіктестер