|
Биікке тұт Қазақстан жалауын!
К.Ақназаров. Түймекент ауылы.
Сарыарқада жаңа қала тұрғызған, Бар ақындар Елбасыны жыр қылған. Татулық пен бірлік туын ұстанған, Ел қамқоры Назарбаев Нұрсұлтан!
Жаңалықтың лапылдатып алауын, Әр адамзат тапты бүгін қалауын. Ұландарым биік ұстап арыңды, Биікке тұт Қазақстан жалауын.
Атар таңнан үмітім мол ағарып, Әр күн сайын елім келер жаңарып. Қазақ елі бар әлемге танылып, Тереземіз тең боп жүрміз саналып.
Бейбітшілік ең бірінші ұғымым, Сол арқылы ұзарады ғұмырым. Ұзақ жасап, аман болса Елбасы, Жоғарыда тұрар дәйім тұғырым.
Ақордадан Елбасым үн қатады, Шартарапқа шықты Астана атағы. Өркендеген, көркемденген жас қала, Қазағыма бақыт сыйлап жатады.
Отаным
Әні, сөзі: Перизат Оспанованікі.
Ұрпағың өскен қырмызы гүлің, Шуақты күнің, жұлдызды түнің. Шарықтап көкке Әнұраның, Бақытқа бөлеп, ұл қызың үнін.
Қайырмасы: Кең далам дархан туған жерім, Елтаңбам қымбат туған елім. Атамекенің антына берік, Қорғайды намыс куған ерің.
Алтын шаңырақ өз тұрағым, Көмкерген күнді қос пырағым. Оттан да ыстық Отан деген, Ұранды біліп өс ұланым.
Қайырмасы: Болашақ жарқын мақсат сенім, Мәртебең асқақ сенің. Барша халыққа баспана боп, Биікке бастап келдің. |