Онлайн газет



Батыр ерлігі ұлықталды

Бүгінде бейбітшіліктің бесігінде тербелген  еліміз әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алды. Алтын әріппен жазылған хас батырларымыздың бірі-Кеңестер Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігін ұлықтаған шара  жақында Суханбаев атындағы орта мектепте

“Ерлікке мың тағзым” аясында “Алмас мінез  Ақәділ”  атты тақырыпта  өткерілді. Тәуелсіздікті құрметтеу, туған Отанды сүю мен жастар бойында патриоттық сезімді сіңіру, Ақәділдей батырдың ерлігінен үлгі-өнеге алуды мақсат еткен шара  басталар алдында  батырдың бюстіне аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов  бастаған қауым гүл шоқтарын қойды.
Алдымен  “Ақәділдің ерлігі-ұрпаққа ұран” атты тақырыпта слайд көрсетіліп, мектеп мұғалімдерінен жасақталған хордың орындауында “Ақәділ маршы” әуеледі. “Көк тудың желбірегені” әні 10-сынып оқушысы Ә.Қалмаханның, жергілікті ақын-сазгер Қ. Нарбатырдың “Тағзым” әні  7-сынып оқушысы С. Алинурдің орындауында шырқалды. Аталмыш  мектеп  оқушыларының орындауында туған жер, Отан,  батырлық пен ерлік, Елбасының ерен еңбегі туралы жырдан шашу шашылды.  Белгілі қоғам қайраткері, ақын-публицист,  “Парасат” орденінің иегері, Жамбыл облысының және Байзақ ауданының Құрметті азаматы Арғынбай Бекбосынның “ Ақәділдің ерлігі” атты драмалық шығармасынан үзінді қойылды. Оқ шашқан жау дзотының аузын кеудесімен жапқан Ақәділдің ерлігін шынайы көрсете білген мектеп оқушыларының өнеріне қошемет  білдірілді.
Батыр ерлігін ардақтаған шарада  аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов  Ақәділдей  батырдың өміржолына,   ерлігіне жан-жақты тоқталды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов  сөз алып,  елімізде ғана емес, күллі ТМД елдерінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне дайындық жүргізіліп жатқандығын айта келе,  ауылдық округтерде орын тепкен мектептердің оқушылары  батырға арналған мұражайға келіп, ерлікке тағзым етсе нұр үстіне нұр болар еді  деді. Суханбаев ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Қосыбаев   ел басына күн туған шақта аталмыш ауылдан  130-дай ер-азаматтардың майданға аттанып, жартысынан көбі жат жерде қаза тапқандығын сөз ете отырып, жастар бойында отаншылдықты тәрбиелеуде осындай шаралардың үлкен рөл атқаратындығын әңгімеледі. Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова  ел тәуелсіздігі жолында  құрбан болған   батырлар ерлігі мәңгілік жасай беретіндігін тілге тиек етті.
Кезек  әсем әнге берілді. “Бұлқынды жүректі” М.Тыныстан, “Елімнің ерлерін” еңбек пәнінің мұғалімі Ә.Көпжасаров, “Елім менің” әнін 4-сынып оқушысы А.Жапсарбеков  тау самалындай таза дауыспен шырқады. Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнін  құйқылжыта шырқаған 7-сынып оқушысы С.Алинурдың өнеріне көпшілік риза болды. И.Телғараева  ақын Қ.Сариннің “Тіл мен тәуелсіздік” поэмасын нақышына келтіре жатқа оқыды.
Шара шеңберінде көпшілік  батырға  арналған музейде болып,  ардақты   ардагерлер   естелік   кітабына     қолтаңба қалдырды.

Өз тілшіміз.

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 19.12.2013 10:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1892
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26479
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79023
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457092

Серіктестер