Онлайн газет



“Ән жазамын жүректен...”

«…Жалпақ жұртыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»- деген  екен Елбасымыз. Шындығында өзінің кіндік қаны тамған өлкенің мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатып жүрген өр тұлғалы өнер иесінің бірі

 

- Алғырбай Тыныбаев.
Қасиетті өнердің  ыстығына  күйіп, суығына тоңып жүрген  композитор, өнер зерттеушісі Алғырбай Тыныбаевты  көпшілік жақсы біледі. Алғашында  Алматы қаласында №2 эксперименталдық мектеп интернатта оқып, оны бітірген соң, Әміре Қашаубаев атындағы музыка мектебіне түсіп, Құбыш Мұхитовтан домбыра класы бойынша музыкалық білім алған ағамыз Чайковский атындағы музыкалық училищені, кейіннен әл-Фараби атындағы Шымкент педагогтық мәдениет институтының ән-күй және музыка, мәдени жұмыстары мамандығы бойынша бітіріп шығады. 120-дан астам әннің, бірнеше күйдің авторы. Жүрекке жылы шуақ ұялатып,  ән әлеміне сапар шектіретін сазгердің “Қаракемер қызғалдағым”, “Сені ойлаймын”, “Жанар арман” атты әдемі әндері республикалық радио, телеарналарда орындалып, тыңдармандардың сүйікті әндеріне айналған.

Бүгінгі таңда Мырзатай орта мектебінде музыка пәнінен дәріс беретін  Алғырбай ағаның жақында шығармашылық кеші  Жамбыл атындағы орта  мектепте «Нұр Отан» партиясы Жетібай бастауыш ұйымының төрағасы М.Қошқарбаев пен ауылдық клуб меңгерушісі Т.Кәрібаевтың ұйытқы болуымен өтті.
«Ән жазамын жүректен» атты  шығармашылық кештің шымылдығын оқушылардан құралған хордың орындауындағы композитордың  «Нұр Отан», «Ұстазым», «Мектебім» атты әндермен  сырылып, шараның ресми ашылуында Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі С.Медеубеков  өнер иесін шығармашылық кешімен құттықтап, иығына  зерделі шапан жауып, гүл шоқтарын табыс етті.
Ән мен күйден өрілген кеште кестелі ойымен, дестелі сөзімен  жүрекжарды лебіздерін білдірген ауылдық ардагерлер алқасының мүшесі, ардақты ұстаз А.Мамыралиев, мектеп директоры Р.Жұмасаевалар игі тілектерін айтса, шәкірттері Т.Кәрібаев, Қ.Естаева ұстазына деген ықыластарын әнмен, күймен жеткізді. Өз кезегінде Алғырбай аға төл туындылары  “Ауылға сапар”, “Арулар”, “Арманым өзіңсің”, “ Сағыныш”, “ Гәкку наз”, “Құрбылар” атты әндерімен қатар  өзі шығарған бірнеше күйді құйқылжыта орындап, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Өнер тарланының “Кеңес жастарының маршы” атты әнін мектеп мұғалімі Қ.Естаева нақышына келтіріп шырқады.
Қарапайымдылықты жанына серік  еткен, үлкен жүректі  өнер иесіне  Жетібай бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Қошқарбаев «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының Алғыс хатын тапсырып, шығармашылық жұмысына табыстар тіледі.
Жаны ән мен күйден жаратылған автордың өзі қызмет ететін Мырзатай орта мектебінің ұжымы, сондай-ақ музыка мектебіндегі шәкірттері Т.Кәрібаев, С.Ильясова, А.Жүнісбаевалар да сый-сияпаттарын табыстады.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.12.2013 15:21
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін102
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2952
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38546
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949431

Серіктестер