|
А.Назаркулов, Байзақ аудандық сотының судьясы.
Сот төрелігінің негізгі мақсаты – қылмыс жасаушылар қатарын көбейту емес, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру. 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасы «Медиация туралы» заңға қол қойды. Бұл заң азаматтық және қылмыстық процесстерде
дауды шешудің баламалы тәсілі ретінде медиация институттарының енгізілуін қарастырады. Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім-шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленуші тарапқа келген залалдың орнын толтыру және оларды татуластыру арқылы жанжалды реттеу туралы келісім жасау әрі қарай қылмыстық қудалауды тоқтататын жағдай боп табылады, сөйтіп ҚР ҚК-нің 67-бабы бойынша іс тоқтатылады. Аталған Заң алдымен тараптардың соттан тыс нысандарын көздейді. Қылмыстан арылтып, тараптардың бірінің мүдделерінің қалпына келуін, бас бостандығынан айырудан сақтайды. Байзақ аудандық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған Т.Майбасаровтың қылмыстық ісі Байзақ аудандық сотына 2013 жылдың қыркүйек айында келіп түскен. Қылмыстық қудалау органының таққан айыбына сәйкес Т.Майбасаров ұрлық жасаған, яғни үй-жайға заңсыз кіріп, бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлаған. Сотталушы Т.Майбасаровқа тағылған айып, ҚР ҚК-нің 10-бабының талабына сай ауырлығы орташа санаттағы қылмыс қатарына жатады және сот мәжілісінде сотталушы Т.Майбасаров өзіне тағылған айып бойынша жасаған қылмысын толық мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқан, келтірген залалдың орынын толтырған, бұрын сотталмаған, жасаған қылмысы адамның қайтыс болуымен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес. Сондықтан Байзақ аудандық сотының 9 қазан 2013 жылғы қаулысымен ҚР ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігінің негізінде сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына байланысты медиация тәртібімен сотталушы Т.Майбасаровқа қылмыстық ісі қысқартылды.
|
|
Обновлено 10.12.2013 10:45 |