Онлайн газет



Жүлдемен оралды

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында елімізде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.  Жамбыл облысы әкімдігінің  жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен

«Ауылдың ең үздік жас медицина қызметкері», «Ауылдың ең үздік жас мәдениет қызметкері»,  «Ауылдың ең үздік жас спорт маманы», «Ауылдың ең үздік жас мұғалімі» және «Ауылдың ең үздік жас ветеринары» байқаулары өткізіліп, өз мәресіне жетсе, жуырда «Ауылдың ең үздік жас әлеуметтік сала қызметкері» сайысында бақ сынаған байзақтық Ш.Елшібекова жүлдемен оралды. 
Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанынан құрылған «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (директоры М.Молдабаев) мен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшесінің (меңгерушісі Л.Пірімқұлова) мұрындық болуымен Байзақ ауданын бастап барған Шарбат Елшібекова байқауда 4 номинация бойынша сынға түсті. Қордай ауданында өткізілген шараға барлығы 9 үміткер қатысса, өнерімен өзгелерді тәнті еткен біздің қыз топты жарып жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлап қайтты. Үздік үштіктің қатарынан көрінген жас әлеуметтік қызметкер ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы Дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 10.12.2013 10:42
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін356
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3085
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63834
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109644

Серіктестер