Онлайн газет



Біз СПИД-ке қарсымыз!

Осындай ұранмен Сарыкемер орта мектебінде акция өткізілді. Оны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Молдатаева және М.Манапбаев ұйымдастырды.  Жастарды салауатты өмір  салтын сақтауға үндеу, СПИД-тің адам ағзасына

зиянды әсерлерін ашып көрсету және оның салдарынан пайда болатын аурулар туралы мәлімет беруді мақсат тұтқан іс-шараға СӨСҚО Байзақ аудандық филиалының директоры С.Бөлтірікова, аудандық емхананың дәрігер-наркологы С.Мажибаев, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева, «Жастар орталығының» директоры М.Молдабаев, СӨС медбикелері З.Амиркулова, Р.Баяхметова арнайы шақырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Акцияны мектеп белсендісі М.Шарипов кіріспе сөзбен ашты. Ол жастарды жалынды баяндамасымен жақсы оқуға, денешынықтырумен айналысуға және жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Мұнан кейін бірінен соң бірі шығып 8 «а», «б», 9 «а», «б» сыныптарының оқушылары қоғам дерті саналатын –СПИД жайында өлеңдер оқыды.  Бұдан бөлек, бұл дертке шалдыққандар туралы толық мағлұматтар келтіріліп, жастар өздерінің тырнақалды туындыларын жатқа айтты. Оқушылар М.Акматулы, Н.Төлебеков және ұстаз З.Момышеваның орындауында «СПИД құрбаны» атты монологтық-көрініс көпшілікке ұсынылды. 11 «а» сынып оқушысы А.Қарасаев «Арақ пен қазақ» жайындағы әнді домбырамен төгілткенде, жиылғандар айрықша тәнті болды.
Акция барысында шақырылған қонақтар тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, СПИД-тен сақтану, оған жол бермеу мәселелерін ашып айтты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 10.12.2013 10:38
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін34
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2884
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38478
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949363

Серіктестер