Онлайн газет



Көшбасшыға арналды

К.Айтмұратұлы,
Түймекент ауылы.

1 желтоқсан-ҚР-ның Тұңғыш Президенті мерекесіне арналып Түймекент орта мектебінің акт залында Түймекент,  Дихан, Суханбаев ауыл аймағы жастар орталығының және Түймекент орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент – 22 жыл» атты акция өткізілді.
Акт  зал  қабырғасында түрлі жазулар, Елбасының сөздері, ақындар өлеңдері  көрнекі етіп ілінді.
Акцияны Түймекент ауылдық жастар орталығының ұйымдастырушысы Ж.Айтуғанов пен Түймекент орта мектебі директорының тәрбие істері бойынша орынбасары Е.Бөгенбаевалар жүргізді. Акцияның басты мақсаты -Елбасының ізгіліктерін жастарға үлгі ету, теңдігіміз, бірлігіміз, тәуелсіздігіміз, ынтымақтастығымыз, тұтастығымыз, егемендігімізді көрсете білу, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін жастардың міндеті туралы түсінік беру, ой-санасына мықтап қалыптастыру.
Акцияда алдымен еліміздің Әнұраны шырқалды. Мұнан кейін кіріспе сөз сөйлеген Түймекент орта мектебінің директоры Ш.Қапарова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толғанын, осы жылдар ішінде қол жеткізген табыстар жөнінде айтып, Елбасы күніне арналған мектеп оқушылары арасындағы шығармалашылық байқауда аудандық білім басқармасы тарапынан берілген мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын табыстады.
Байзақ ауданының Құрметті азаматы С.Мамырбаев Елбасының халықпен етене жақын жүретінін, сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылғанын, өзге елдермен терезесі тең ел болғанын мақтанышпен айтты.  Ардагер ұстаз Ш.Үкібаева аналық ақ тілегін жеткізді.Ауыл ақсақалы М.Халилаев «Болашақ» бағдарламасының қалай іске асып жатқанын нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Түймекент орта мектебі жанындағы ата-аналар комитетінің төрағасы К.Ақназаров Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығына тоқталды. Елбасының Астанамен тікелей байланыстылығын пысықтай келе, мерекеге арналған жырын оқыды. Акцияда  Сарыкемер, Дихан, Суханбаев ауылдық округтері “Жастар орталықтарының” жетекшілері  Ә.Құрманалиев, Ж.Тезекбаев, Д.Әбішов сөз сөйлеп, әр ауылдан келген өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.
Б.Мұстафаеваның жетекшілігіндегі 3 «в» сыныбында «Көк тудың желбірегені» атты тәрбие сағаты тартымды өтті.
Акцияда интерактивті тақта арқылы Елбасының балалық шағынан бастап, қазіргі өміріне дейінгі кезеңі көрсетілді. Оқушылар ауыл баласының Елбасы дәрежесіне дейін көтерілгенін өз көзімен көрді.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1914
mod_vvisit_counterКеше2101
mod_vvisit_counterОсы аптада13515
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда27116
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4005208

Серіктестер