Онлайн газет



Халық қалаулысымен өткен кездесу

Үстіміздегі  жылдың  көктемде халқының санының көбеюіне орай,  аудан орталығы Сарыкемер ауылы шығыстан батысқа қарай созылған Мәмбет батыр көшесінің солтүстік жағындағы елдімекен “Бәйтерек” ауылдық округі деп аталып, құрамына Қосақ, Базарбай ауылдары енген болатын.  Жуырда ауыл тұрғындарының қордаланып қалған мәселелерінің түйінін тарқату үшін

Н.Киікбаев атындағы орта мектебінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Байзақ аудандық филиалының жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық электр желілері жүйесінің бастығы Рабат Полатұлы Сәрсеновпен ауыл тұрғындарының келелі кездесуі өтті.
Кездесуде  Рабат Полатұлы аймақта атқаруын күтіп жатқан көптеген тірліктердің бар екенін тілге тиек ете отырып, оның орындалып жатқандарына тоқталды.
-Әрине жаңа ауылда, жаңа округте түйткілі қиын көптеген мәселелердің бар екені рас.Сондықтан мәслихат депутаты ретінде қордаланып қалған істердің уақыт күттірмейтін ең негізгілерін орындауға атсалысамын, -деді Рабат Полатұлы.
Ауыл мәдениеті мен оның көркеюіне жанашырлық танытып жүрген бір топ еңбек ардагерлері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мысалы, Бәйтерек ауылдық округінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Айтбаев ауылдың  батысындағы биік қыраттың үстіне орналасқан «Астана» балабақшасына баратын аяқжол (тротуар), сол бала бақша мен орта мектептің екі ортасында жарық  жоқ  екендігін алдыға тартса, М. Халбаев ауыл сыртындағы дренажды арықтың жай-жапсарына тоқталды. Әсіресе, оның сасық иісі ауаға жайылып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ететіндігін жеткізді. Аудандық мәслихат депутатынан осы іске мұрындық болуын өтінді.
Қосақ ауылынан келгендердің ішінен Қосақ бейітінің шырақшысы, еңбек ардагері Н.Гулалиев Бәйтерек ауылдық округінің еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының басшылығымен Қосақ, Тәжік, Сарыкемер ауылдарына ортақ Қосақ бейітін қоршауға байланысты көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды.
Келесі сөз тізгінін алған Ж.Байбосынов атындағы көше комитетінің төрағасы С.Молдакулов жарық мәселесін тілге тиек етті.
Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудандық мәслихаттың депутаты әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жауап қайтарды. Тіпті, үш ауылға ортақ Қосақ бейітінің сауапты ісіне  қолдау көрсететінін жеткізді.  
Қалай болғанда да ауыл тұрғындарының депутатпен кездесуі емін-жарқын, ашық пікір алмасу алаңында өтті.
Кездесуді Бәйтерек ауылдық округінің әкімі М.Қилыбаев қорытты.

 

Өз тілшіміз.

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 05.12.2013 18:27
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2818
mod_vvisit_counterКеше2380
mod_vvisit_counterОсы аптада2818
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38412
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949297

Серіктестер