| Партия қатарына қабылданды |
|
Елі үшін еңбегі ерен Президентімізге құрмет ретінде елімізде былтырдан бастап 1 желтоқсан – мемлекеттік мейрам ретінде тойлануда. Бүгінде айтулы мерекеге орай жер-жерлерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде. Сәрсенбі күні орталықтағы К.Әзірбаев атындағы саз мектебінде
ерекше жиын өтті. Ерекше дейтін себебіміз де бар. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында осы ұжымның 16 қызметкері «Нұр Отан» партиясының қатарына қосылды. Жас буынды өнерге баулып жүрген ұстаздарды ұлы мейраммен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов партияның құрылуы, оның құрылымы, атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғап, жуырда өткен партияның ХV съезінде айтылған мәселелер, онда қабылданған Доктрина, құжаттың Жолдаумен сабақтастығын тілге тиек етті. Партия мүшелігіне қабылданғалы отырған азаматтарға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз тілшіміз. |
| Обновлено 05.12.2013 18:14 |
Халыққа жолдау









![]() | Бүгін | 72 |
![]() | Кеше | 2850 |
![]() | Осы аптада | 2922 |
![]() | Өткен аптада | 14657 |
![]() | Осы айда | 38516 |
![]() | Өткен айда | 145403 |
![]() | Бәрі | 3949401 |
Серіктестер














