Онлайн газет



“Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасына арналған семинар

Cәрсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжілістер залында “Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға арналған семинар өтті.
Оны аудан әкімінің орынбасары Д. Сұлтанбеков

 

ашып, келген қонақтармен таныстырды.
Алдымен сөз алған  техника ғылымдарының кандидаты, құрылысшы-экономист Ж.Шымыр “ Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға тоқталды. Баяндамашы Елбасы Жолдауы негізінде өмірге келген “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасының   мақсаты мен  міндетіне, бағдарламаны  іске асыру мерзімінің бірінші кезеңі 2013-2015 жылдарды, ал екінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтитындығын, осы жылдар аясында қолға алынып атқарылатын жұмыстарға,  жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру мен жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесетін  бағдарлама жергілікті жерлердегі кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті қыздырып,  олардың батыл шешім қабылдап, нақты әрекет етуге жол ашатындығын айтып түсіндірді. Бұдан соң  “Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасының 2 бағытына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар жөнінде  Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  әлеуметтік  еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Ғ. Мейірманов  жан-жақты сөз етті. Ол өз сөзінде ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру бағытында берілетін несие көлемі, алынған қаражатты мақсатты жұмсау, оны қайтару, несие беру кезінде басымдық алатын азаматтар санатына, сонымен қатар тірек ауылдарды дамыту барысында  ауыл әкімдеріне жүктелетін міндет,   келешегі жоқ, әлеуеті төмен елді мекендерге  ешқандай бюджет қаржысы құйылмайтындығын, орта және жоғары әлеуетке ие елді мекендерді  дамытуға   көңіл бөлінетіндігін  айтса, “Қазагромаркетинг” АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры Ә.Қуанышбеков  аталмыш бағдарламаның екінші бағытының құрамдас бөліктері, ауылдардағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау, екінші тірек ауылдарды кешенді дамыту барысымен қатар жұмыспен қамту картасын жасау туралы әңгімеледі.  Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығын қолдау қорының менеджері Әлімбаев “Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасы бойынша өз ісін бастау үшін шағын несие беру және одан туындайтын мәселелер төңірегінде, яғни ауылдарда  жұмыссыз отырғандарды жұмыспен қамту үшін кәсіпкерлікті дамыту үшін несие алуға қажетті құжаттар тізіміне тоқталды. “Асу”  қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Нохрабеков аталмыш бағдарлама шеңберінде өз ісін ашып, тірлігін дөңгелетемін деген адамдарға үлкен көмек  беретіндігін, еңбек етемін деген азаматқа елімізде барлық мүмкіндік жасалып отырғандығын әңгімеледі.
Семинарда облыс  бойынша  бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Ә.Тұрысов  аталмыш бағдарлама аясында атқарылатын ауқымды жұмыстарды сөз ете отырып, ауыл әкімдері мен жұмыспен қамту мекемесінің қызметкерлеріне артылған міндеттерге жауапкершілікпен қарап,жұмыс жасау қажеттігін қатаң ескертті.
Семинарда оған қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауаптар берілді.
Алқалы жиынды қорытқан  аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков    келген қонақтарға  алғысын айтты.

 

Өз тілшіміз.

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 27.11.2013 17:36
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін373
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3102
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63851
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109661

Серіктестер