Онлайн газет



Дүбірлі дүние

Теңгеге естелік стелла орнатылды

Ұлттық  валютамыз-Теңгенің 20 жылдығына орай Тараз қаласының Желтоқсан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан “Тәуелсіздік” скверінде естелік-стелла орнатылды.
Теңгенің бейнесі  қашалған гранит тас тот баспайтын темірден жасалған тұғырға орнатылған. Стелланың биіктігі 4 метр, ал тұғырымен қоса алғандағы салмағы 10 тоннадан асады. Тұғырдың төменгі жағына төл теңгеміздің тарихы Тараздан басталатындығы жазылса, ескерткіштің екінші бетінде Елбасының  1993 жылғы 15 қарашадағы теңге туралы Жарлығы қашалған.
Салмағы жарты тонна болатын алып  теңге Ұлттық банк филиалының маңына орналасқан.
” Жиырма үш жастағы әже”

Әлемдегі ең жас әжелердің бірі Румынияда тұрады екен.  Бұндай атаққа  небәрі 23 жастағы Рифка Станеску есімді ең жас әже  иеленіпті.
Он бір жасар қыз әкесінің қарсылығына қарамастан 13 жастағы сүйіктісімен қашып кетеді. Арада бір жыл салып, яғни 12 жасында ана атанады, тағы бір жылдан соң ол екінші баласын дүниеге әкеледі. О баста қызының тым ерте тұрмысқа шығуын қаламаған ата-ана бұдан әрмен бауыр еті баласын өзекке теппейді.
Рифка бір баласын шешесінің құрметіне Мәрия деп атапты. Он үшінде отанасы атанған оның сол Мәриясы он бір жылдан кейін тұрмыс құрып, анасын 23 жасында әже атандырыпты.
20 жастағы бала

АҚШ-тың Реистерстоуне қаласында 20 жастағы қыз бала қайтыс болды. Оны бүлдіршін деуімізге себеп бар.
Ол жиырмаға толса да бес жастағы баланың кейпіне ұқсайды. Туа біткен синдромның салдарынан оның денесі өспей әрі дамымай қалған. Мамандар қыз баланың ДНК құрылымын зерттегенімен, сырқаттың құпия сырын еш таба алмаған көрінеді.
Бес жасынан бастап дамуын тоқтатқан қыздың өмірге деген құштарлығы ерекше көрінеді.Жалпы дәрігерлер көп ұзамай ол қайтыс болады деп алдын ала болжам да жасап қойғанына қарамастан 2 келіге жетер-жетпес болып туылған қыз бала 20 жыл өмір сүріпті.
Иттер де зейнетақы алады

Ұлыбританияның Ноттингемшир графтығында қартайған қызметтік иттерге зейнетақы төленетін болды. Полицейлердің айтуынша, кәсібіне адал иттерге қызметінен босағаннан кейін де лайықты  құрмет көрсетілуі керек.
Lenta.ru - дың хабарлауынша, графтықтың Сайланбалы комиссары Пэдди Типпинг зейнетке шыққан иттерге 500 фунт стерлинг көлемінде зейнетақы тағайындады. Бұл қаражат, негізінен, оларды ветеринарға көрсетуге жұмсалады. Қазіргі уақытта Ноттингемширде полицияға 26 төбет қызмет етіп жатыр. Олар есірткі мен жарылғыш затты іздеуге және күдіктілерді ұстауға үйретілген. Қызметтік иттер 6-7 жылдан соң әбден қажуына байланысты зейнетке шығарылады. Ноттингемширде отставкадағы иттерді әлеуметтік жағынан қолдау үшін арнайы қор ашылған. 

Әлемдегі ең
кедей 10 мемлекет

Төрткүл әлемде ең кедей саналатын 10 мемлекеттің барлығы анықталды. Мәселен Эфиопия халқының 50 пайызы аштықта өмір сүрсе, 12,5 миллион халқы  бар Нигер елінің 63 пайызы күндігіне 1 доллар табыс табады екен.Ал Орталық Африка Республикасының ЖІӨ жан басына шаққанда -700, ал Гвинея- Бисау, Сомалий Республикасы, Соломон аралдары және Комор Аралдары Одағында 600 доллар шамасында. Ал Зимбабве Республикасы мен Либерияның ЖІӨ жан басына шаққанда 500 долларды құрайды, Әлемдегі ең кедей ел саналатын Конгоның ЖІӨ жан басына шаққанда 300 доллар шамасында ғана екен.
Әртүрлі басылымдардан алынды.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін322
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3051
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63800
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109610

Серіктестер