Онлайн газет



Орталықтың оңтайлы жұмысы

Ғ. Орынқұлов,
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің “Жамбыл   облысы  бойынша  жылжымайтын мүлік орталығы” республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Байзақ аудандық филиалының басқарушысы.

Біздің жұмысымыздың басты мақсаты- құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдастарын техникалық, сәйкестендірулік сипаттамаларын айқындау болып табылады. Мақсатты іске асыру үшін филиал мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын бастапқы және кейінгі зерттеу; сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру; міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру; міндетті  тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету; жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын салық салу объектілерін бағалау болып табылады.
Үстіміздегі жылдың басынан бері 765 тапсырыс түссе, оның 106-ы ХҚКО арқылы келді. Ал, «Электронды үкімет» порталы арқылы 51 тапсырысты қабылдадық. Филиалда тапсырыстар бойынша ЖМТМДҚ бағдарламасы арқылы уақытылы өтуіне филиал мамандары қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауға қатаң талап қойылғандықтан бұл тапсырыстар уақтылы әрі сапалы орындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжатын беру» мемлекеттік қызмет стандартының 7-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес «ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №1160 қаулысы) сәйкес жеделдетілген түрде жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу жылжымайтын мүлік нысандарының түріне қарай барлық тапсырыс берушілерге арналған баға көрсеткіштері мынадай:
1) Пәтерлер мен жатақхана бөлмелерінің техникалық төлқұжатын дайындау үшін келесі коэффициенттер баға көрсеткіштеріне қолданылады:
-1 жұмыс күні ішінде әзірлеуге-2 коэффициент.
-2 жұмыс күні ішінде дайындауға-1,8 коэффициент.
2) жеке тұрғын үйлердің техникалық төлқұжатын дайындау (жер телімі мен шаруашылық құрылысына қарай) саяжай құрылыстарына қарай келесі коэффициенттер баға көрсеткіштеріне қолданылады:
-2 жұмыс күні ішінде дайындауға-3 коэффициент;
-4 жұмыс күні ішінде дайындауға-2,5 коэффициент.
3) жеке гараждың техникалық төлқұжатын дайындауға келесі коэффициенттер баға көрсеткіштеріне қолданылады:
-2 жұмыс күні ішінде дайындауға-2 коэффициент;
-4 жұмыс күні ішінде дайындауға-1,5 коэффициент.
4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейінгі жылжымайтын мүліктің қалған нысандарының техникалық төлқұжатын дайындау үшін келесі коэффициенттер баға көрсеткіштеріне қолданылады:
-5 жұмыс күні ішінде дайындауға-2,5 коэффициент.
5) алаңы 1000 шаршы метрден 2000 шаршы метрге дейінгі және сызықтық құрылыстарының ұзындығы 1000 метрден 2000 метрге дейінгі жылжымайтын мүліктің қалған нысандарының техникалық төлқұжатын дайындау үшін келесі коэффициенттер баға көрсеткіштеріне қолданылады:
-10 жұмыс күні ішінде дайындауға-3,5 коэффициент.
Қабылданған заңнамалық құжаттар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсіміне елеулі өзгерістер енгізілгендіктен,  бұл бағыттағы атқарылған  жұмыстар  біздерге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.
Халыққа қызмет көрсету барысында жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу  бағытында  арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  “Парақорлық-қоғам дерті”, “Сыбайлас жемқорыққа жол жоқ!” атты семинар кеңестер өткерілді. Әзірше филиал қызметкерлері тарапынан  заңды бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Халыққа қызмет-мерейлі міндеті.  Олай болса, алдағы уақытта да халыққа  сапалы да мінсіз  қызмет көрсете беретін боламыз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін397
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3126
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63875
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109685

Серіктестер