Онлайн газет



Көп тілді меңгеру-уақыт талабы

М.Тажиева,
Г. Сакулова,
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушылары.

Бүгінде елімізде ұлтты ұйыстыру мен халықты біріктірудің басты факторына айналып отырған –мемлекеттік тіл. Тіл –кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және тәуелсіздіктің тірегі, қазақ халқының қанына біткен ынтымаққа ынтызар пейілі мен бірлікке деген берекелі ниеттің өзегі деп түсінеміз. Әлемдегі озық инновациялар мен технологияларды меңгеруі үшін қазақстанның әрбір азаматы, мемлекеттік тілмен қатар, орыс, ағылшын тағы да басқа тілдерді меңгеруі қажет.
Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президенті қолдап отырған үш тіл тұғырлығын жоғары көтеру, сол мақсатта қызмет ету Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары үшін үлкен мәртебе.
Аталған кафедрада ғылым мен педагогика саласында өз үлестерін қосқан тәжірибелі жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Атап айтсақ, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., профессор Н.Кунгуров, п.ғ.к., профессор Г.Сыздықбаева, п.ғ.к., доцент м.а. Б.С.Имандосова, ф. ғ. к.,  А. Ирисбекова, ф.ғ.к., профессор м.а. Ф.Абдурахманова, аға оқытушылар: Н.Утюшева, Б.Битанова, Л.Нурманалиева т.б.
Қазіргі заман талабына сай білікті де білгір, ұшқыр ойлы, өткір пікірлі, көп тілді меңгерген жастар тәрбиелеу – біздің кафедраның мақсаты мен арманы. Кафедра «Шет тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білімгерлерге сапалы білім бере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындайды. Кафедрада орыс, ағылшын, неміс, түрік тілдері оқытылып, білікті мамандар шығарылады. «Әлем тілдері» кафедрасында орыс тілі, шет тілі пәнінің мұғалімдерімен қатар, аудармашы-референт мамандарын да дайындайды. Көпұлтты Қазақстан Республикамызда мемлекеттік тілмен қатар дамып отырған орыс тілінің маңызды орны бар. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығында орта мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлайды.
«Шет тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі» мамандығын таңдаған білімгерлердің «Work and Travel» бағдарламасы арқылы Америка мен Европа елдеріне барып білімдерін шыңдайды. Сонымен қатар, білімгерлер Америкадан, Европадан қаламызға келген волонтерлармен жұмыс істеп, салт-дәстүрлерімен танысып, тығыз қарым-қатынаста болып, тілдерін әрі қарай жетілдіруге мол мүмкіндіктері бар.
Тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейтуге арналған шаралар өткізу дәстүрі қалыптасқан. Ғылыми-практикалық конференциялар, «дөңгелек үстел» отырыстары мен семинарлар ұйымдастыру да назардан тыс қалған емес.
Ұлы Абайдың «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деген нәрлі нақылын әрмен қарай «тіл игеру үшін тілек те, жүрек те керек» деп жалғастырған тіл жанашырларының ойының түпкі түбірі - біреу-ақ, ол-шын ниет. «Әлем тілдері» кафедрасына тіл үйренемін деген білімгерлер  осы  мақсатпен  келеді   деп түсінеміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін366
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3095
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63844
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109654

Серіктестер