Онлайн газет



“Аналар аллеясы” ашылды

Елбасымыздың   Қазақстан халқына арнаған Жолдауының үшінші бағытында:“ Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу” атты  бөлімінде  “Көп балалы аналарды   құрметтеп, олардың бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығы” нақты айтылған.  Аудан орталығындағы “Балапан” балалар бақшасында “Ақбұлақ” қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен  көп балалы аналардың құрметіне “Аналар аллеясы”

ашылды.
Бақшаның  ауласында “Аналар аллеясы” ашылмас бұрын  алдымен “Ғажайыптар әлемі”  есігін ашты. Онда табиғи қалдық заттардан  жасалынған: түлкі, қоян,  тырна, тасбақа, аққу, бауырсақ, есек секілді аң мен құстардың макеттері қойылды. Бақшаның кіре берісіндегі Құрмет тақтасына  көп балалы аналардың  портреттері ілінді.
Мәселен “Ақбұлақ” қоғамдық бірлестігі ауданымызда біраз іргелі істерді атқарып,  көпшілікке өнеге көрсетіп келеді. Жақында  аталмыш бірлестіктің бастамасымен  әрі демеушілігімен Сарыкемер ауылындағы  “Балапан” балалар бақшасындағы аулаға  60 түп гүлдейтін ағаштармен қатар раушан  гүлдерінің  өскіндері егілді.
“Аналар аллеясының” ашылу салтанатында  ауылдық ардагерлер алқасының мүшесі У.Баушенов сөз сөйлеп, игілікті шараның бастамашысы “Ақбұлақ”  қоғамдық  бірлестіктің  төрайымына алғысын айтты. Бұдан соң сөз алған Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Жұманов, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева,  әдістемелік кабинеттің  меңгерушісі М.Дүйсеналиева,  «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің  координаторы Н.Абдрахмановалар анаға  құрмет-елге құрмет екендігін тілге тиек етті.
Өз кезегінде балабақша меңгерушісі Ж.Маниева осындай игі істің жүзеге асуына демеушілік жасаған бірлестік төрайымы Н. Рақышеваға,  белсенділік танытқан  ата-аналар Г.Қылышбекова мен Сүйінішбековтер алғысын айтып, сый-сияпатын табыстады. Аналар атынан сөз алған  А.Сейдуалиева, Д.Мырзанкулова, Ш.Жұмабаевалар  өздерін ардақтағандарға ризашылығын білдірсе,  «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің  координаторы  Н.Абдрахманова «Аналар аллеясы» және «Ғажайыптар әлемі» экотропын жасақтауға үлестерін қосқан  бақша ұжымына Мадақтама грамотасын табыстады.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 20.11.2013 10:27
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін342
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3071
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63820
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109630

Серіктестер