Онлайн газет



Халықаралық толеранттылық күніне арналды

Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы-халықтар достығы. Бүгінде  Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдерінің туған шаңырағына  айналып қана қоймай, олардың ұлттық дәстүрлері  мен ана тілдерінің дамуына барынша жағдай жасалған. Елбасының  “Қазақстан -2050” Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында  ел бірлігіне айрықша мән берілген.  Міне осы мәселеге арналған тәрбие сағаты Қазақстанның 40 жылдығы мектебінде

9 “в” сынып жетекшісі Г.Абдукаримованың мұрындық болуымен “Ұлттар достығы - басты байлығымыз” атты тақырыпта  өткерілді.
Тәрбие сағатында мектеп директоры Г.Есентаева азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің рөліне тоқталса, директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Г. Қабылбаева, Сарыкемер ауылдық округі жастар орталығының  жетекшісі Ә. Құрманәлиев  халқымыздың  баянды тірлігі мен  қоғамдық келісімнің маңызы туралы ойымен бөлісті.  Бұдан соң мектеп оқушылары  Қазақстан халықтары Ассамблеясының  жұмысы, ұлтаралық  татулық, саяси тұрақтылық пен мейірімділік туралы көріністер  көрсете отырып,  “Менің отбасымда”, “ Менің ауылымда”, “ Менің мемлекетім”  атты тақырыпта әңгіме құрастырып, ел бірлігін ұлықтады.
Маңызы зор шарада сөз алған өзге ұлт өкілдері З.Джумадилова, Н.Таировалар ел бірлігін сақтау, адамзат құндылықтарын құрметтеу қажет екендігін сөз етті.
Шара соңында оқушылар достық, бірлік, татулық, келелі келісім туралы  өлеңдерін оқыды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 20.11.2013 10:22
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін390
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3119
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63868
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109678

Серіктестер