|
Г. Жұмағұлова, Ғ. Мұратбаев мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Жақында Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі және «Таланттар Академиясы» оқу-кеңес орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым және Өмір» оқушылардың II Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Оған Астана мен Алматы қалаларынан және еліміздің барлық өңірлерінен келген ғалымдар, профессорлар, озат тәжірибелі ұстаздар, дарынды оқушылар
қатысты. Конференцияны «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің президенті Нұрманов ашып, бұл іс-шараның маңыздылығына тоқтала келе, алқалы жиынның басты мақсаты-әлем халықтарының достығы мен бірлігін, ынтымағын нығайтып, озат тәжірибелі ұстаздардың, дарынды оқушылардың қабілетін шыңдап, жетістіктерге қол жеткізуге негізделгенін атап өтті. Аталған конференцияға қатысқан Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары ағылшын тілі пәнінен өзіндік зерттеу жұмыстарының мақсатын, міндетін, ғылыми өзектілігі мен жаңалығын жан-жақты тәжірибе жүзінде көрсетіп, тақырыптың мазмұнын аша білді. Әділқазылар алқасының шешімімен 7 «ә» сынып оқушылары – Нариман Мерей, Кеңесов Досым бірінші, (жетекші пән мұғалімі – И.Мектепабаева), екінші орынды 10 «ә» сынып оқушысы Ибрагимова Жансая (жетекшісі – М.Мұстафаева) иеленді. Ал үшінші орын Қонақбай Ақеркеге (жетекші пән мұғалімі – Т.Маханбеталиева) бұйырды.
|
|
Обновлено 20.11.2013 10:21 |