| Топ жарған Ақжан |
|
Байзақ өңірінің мәртебесін биіктетіп жүрген жастар қатары толығып келеді. Таяуда жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың арасында “Менің ұстазым” тақырыбында бейнероликтер мен презентациялардың сырттай байқауы өткен еді. Заманауи мұғалімнің келбетін қалыптастыру, жастар арасында педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, жас жеткіншектердің ақпараттық коммуникативтік технологияларды игеру мен балалардың бейнероликтер мен презентациялар арқылы бейнекөзқарасын ашуға мақсат еткен байқауда Түймекент орта мектебінің 11 “а” сынып оқушысы Ақжан Жұмабай жүлдегер атанды. Ол өзіне дәріс беретін информатика пәнінің мұғалімі Р.Бегасилованың жаңа технологиялар арқылы дәріс беру тәсілін зерделеп, бейнеролик арқылы бере білген Ақжанға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Ү.Жексенбаеваның қолы қойылған ІІІ дәрежелі диплом табыс етілді.
Өз тілшіміз. |
| Обновлено 20.11.2013 10:19 |
Халыққа жолдау











![]() | Бүгін | 324 |
![]() | Кеше | 2729 |
![]() | Осы аптада | 3053 |
![]() | Өткен аптада | 48670 |
![]() | Осы айда | 63802 |
![]() | Өткен айда | 69492 |
![]() | Бәрі | 4109612 |
Серіктестер














