Онлайн газет



Ерлігін мақтан етеміз

Н. Узбекова,
Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының  көмекшісі.

Отан қорғау және Отанға қызмет ету - әр азаматтың парызы. Азаматтық парызын абыроймен атқарып жүрген майор Ғабит Асқарұлы Райқұлов жас кезінен офицер болуды армандаған-ды. Берікқара орта мектебін бітірген соң  1999 жылы Ресей Федерациясының Сызрань

қаласының Әскери Әуе институтына оқуға түсіп 2004 жылы бітіріп, кадрлы офицер болып шығады. Білімге құштар жас 2005 және 2006 жылдары Алматы қаласының Әскери шет тілдер институтында, одан соң Алабама Штатының (АҚШ) Сан-Антонио және Форт Рокер қалаларында тілдер институтында, 2011 жылы Измир қаласында кәсіби курстарында, 2012 - 2013 жылдары Ресей Федерациясының Воронеж қаласындағы Әскери Әуе Күштерінің Әскери Әуе Академиясында оқып, өзінің кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көтереді. Ми-8, Ми-17 және ЦН-Ш-П тік ұшақтарында ұшуды үйренеді.
2012 жылы Семей облысында өткізілген әскери-оқу жаттығуларында Ми-17 тік ұшағымен белгіленген орынға әскери-десант бөлімін жеткізу тапсырмасын орындау барысында экипаж-командирі Райқұлов Ғабиттің басқаруымен ұшып келе жатқан тік ұшақтың арнайы қозғалтқыштың күші кенеттен азайып, ұшақ төмен түсе бастайды. 14 экипаж мүшелеріне секіру бұйрығы берілгенімен, тік ұшақтың жерден биіктігі төмен болғандығын  байқаған  экипаж-командирі  Ғабит   қорқынышқа бой алдырмай, сабырлылықпен  жедел ұшақтың арнайы қозғалтқышын өшіріп, қосалқы қозғалтқышты іске қосып, ұшақты ыңғайлы орынға қондырады. Бұл ерлігі үшін майор Ғабит  Райқұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 444 Жарлығымен «Ерлігі үшін» мемлекеттік медальмен марапатталды.
Жаста болса бойына қайсарлық пен батылдықты серік еткен  Ғабит Асқарұлы бүгінде  Алматы облысына қарасты әскери бөлімінде тәрбие, әлеуметтік және құқықтық жұмыстары бойынша бөлім бастығының орынбасары қызметін атқаруда.

 

Обновлено 20.11.2013 10:16
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін307
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3036
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63785
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109595

Серіктестер