Онлайн газет



БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

А.Темиртаева,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 Қаулысын қабылдаған болатын. Аталмыш қаулыда 32 мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілген.  Осы бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттары негізінде білім саласы бойынша  «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» және «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты туралы қызмет көрсетудің тәртібіне тоқталсақ.
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Орталыққа жүгінген кезде:
-қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі;
- мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;
- баланың туу туралы куәлігі  (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
- тұрғылықты жерінен анықтаманың деректері.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар өтініш берушіге қайтарылады.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1926
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1926
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36209
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196690

Серіктестер