Онлайн газет



Тіл мерекесіне арналды

Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік тілді насихаттау,  тілді қолдану санатын және тәжірибені анықтау, іс қағаздарды  мемлекеттік тілде жүргізу деңгейін арттыру, тілдік мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік тілдің өркендеуін қолдау мақсатында  әдіскер Ғ.Сұлтанбековтің  мұрындық болуымен №8  Ж.Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жатыттықтырушылар мен спортшылар, оқушылар арасында “Тіл - ұлттың тірегі” атты тақырыпта  шара өтті. Оған қатысқан талапкерлер қазақ тілінің баға жетпес байлығы туралы нақыл сөздерге тоқталып, “Тіл туралы” заңның  баптарына кеңінен түсінік берді. Қазақ тілі  туралы  ақындарымыздың жырларынан шашу шашып,  Елбасының  ана тіліміз жөніндегі ғибратты сөздерін жатқа айтып,  әрбір топ сұрақ-жауап, мақал-мәтел бойынша мүдірмей жауап берді. Мұнан соң бокс, дзю-до, грек-рим бөлімдерінің намысын қорғаған балғын спортшылар “Олимпиада чемпиондары” деген тақырыптағы сауалдарға тыңғылықты жауап беріп,  тіл мерекесінің тартымды өтуіне сүбелі  үлес қосты.
Шара  соңында  топ жарғандарға    аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С. Иманова Алғыс хаттарды  табыстады.

Ана тіліміз ұлықталды

Қазақстан  халқы тілдерінің күніне орай аудандық орталық кітапханасында «Мемлекеттік тіл – елдіктің тірегі» атты ақпарат күні болып өтті. Оған кітапханаға келген оқырмандар мен ауылдық кітапханашылар қатысты. Абонемент бөлімінің кітапханашысы М.Сыздықова: “Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра”  десе,  Жетібай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г. Асқарова: “Тіл – біздің тұтастығымыз, тіл тағдыры – ел тағдыры деп айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына жол бермеу қажет” деген пікірлерімен бөлісті. Кітапхана директоры С.Өмірбекова туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы болғандықтан,  өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойына ана тіліне деген құрметті қалыптастырудың маңызын сөз етті.
Кеш соңында кітапханашы М.Сыздықова «Тіл - ұлт рухының ұясы» атты кітап көрмесінің жанында әдебиеттерге шолу жасады.
Өз тілшіміз.

Отбасы бақыты-
ұлт бақыты

Н. Бейсенов,
ауылдық тілші.

Жақында Түймекент ауылының орталығындағы мәдениет үйінде отбасы күніне орай «Отбасынан қымбат не болуы мүмкін?» деген тақырыпта «Түймекент» мектебі бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп ұжымы, ата-аналармен қатар ауыл әкімі, ардагерлер қатысты.
Түймекент ауылында 6372 адам тұрады. Тұрғыны көп болғандықтан мектепте 1200 оқушы оқиды, оларға 150-ге тарта ұстаз саналы тәрбие, сапалы білім береді. Осыған орай мектептегі тәлім-тәрбие жұмыстары, балалар арасындағы кездесіп қалатын тәртіпсіздіктер туралы мектеп директоры Ш. Қапарова баяндама жасады.
Жиналыста мектеп директорының орынбасарлары Е.Секеров, Р.Жылысбаев, ата-аналар атынан М. Қалилаев, ардагер ұстаз О.Бозай, Түймекент ауылдық округінің әкімі Б.Алсейтов сөзге шығып, бала тәрбиесіне байланысты ойларын ортаға салды.
Жиналыс соңына қарай мектеп директоры Ш.Қапарова үлгілі ата-аналарға отбасы күніне байланысты Құрмет грамоталары мен сыйлықтар тапсырды. 20 жылдан астам мектептегі ата-аналар комитетінің төрайымы болған Тойбаева Бағилаға «Үлгілі отбасының иесі»  құрметті атағы беріліп, көк лентаға жазылған құрметті белгімен марапатталды.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1939
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1939
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36222
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196703

Серіктестер