|
Ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХV-съезі өтеді. Алқалы жиын алдында партияның жаңа Доктринасының жобасы
барлық мекеме, ұйым, кәсіпорын мен білім беру, денсаулық сақтау салаларының бастауыш партия ұйымдарында кеңінен талқылануда. Жақында ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінда жиын өтіп, оны осы мекеменің басшысы, әділет подполковнигі А.Оразкелдиев ашып, көпшілікті «Нұр Отанның» «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру жолындағы жаңа мақсаттарымен, сонымен қатар партияның болашақтағы мемлекет дамуындағы рөлі туралы саяси Доктрина жобасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Мұнан соң тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Ш.Қайыпов жаңа саяси Доктринадағы басым бағыттарға кеңінен түсінік бере келе, адам капиталының дамуына ерекше көңіл бөлінгендігін, мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық құжатта бірінші рет мәдениет пен дәстүріміз бірлік пен ауызбіршілік сынды құндылықтармен қатар қойылғандығын айтты. Жиынға қатысушылар Доктрина ел дамуына айрықша үлес қосатындығы мен партия мүшелерінің атқаратын міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы ойларымен бөлісті. Өз тілшіміз. |