|

Сейсенбі күні өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХ-сессиясында талқылауға түскен 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе
болатын. Мәселе бойынша мәжіліс қатысушылары аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Д.Жақыпбековтың баяндамасын тыңдады. Аталған бюджетті нақтылау бойынша жасалған ұсыныс (шешім жобасы) депутаттар тарапынан тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланған болатын. Дегенмен кейбір мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға Дулат Бекбосынұлы, мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаевтар тарапынан қосымша түсініктер беріліп, шешім қабылданды. Сонымен қатар, сессия жұмысы барысында депутаттар аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №36-9 шешімімен бекітілген «Байзақ ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына толықтырулар енгізу туралы және ауданда тұратын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы мәселелерді қарап, олардың әрбірі бойынша тиесілі шешімдер қабылдады. Сессия төрағасы №10 Жамбыл сайлау округінен депутат А.Жәмішжанов мәжіліс жұмысын қорыта келе, мәслихат депутаттарын алдағы сессия жұмысының күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселелермен таныстырды. Сонымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХ-сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Өз тілшіміз.
Фото: А.Алдабергенов |
|
Обновлено 17.09.2013 15:34 |