Онлайн газет



БЕРЕРІ МОЛ БАҒДАРЛАМА


С.Тойбеков,
аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.      

Қаржылай сауықтыруға ауыл шаруашылығы субъектілерінің айналымдық қаржыға, құрал жабдықтар сатып алуға, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуге, техника немесе технологиялық жүйе сатып алуға алған несиелер немесе лизингтері жатады. Оған арнайы қаржы институттарынан алған несиелері ғана емес, кез келген тұлғадан алған заңды түрде рәсімделген қарыздары да жатады. Тек, олар сауықтыру үшін екінші деңгейдегі банктерге ауыстырылуы керек.
Қаржылай сауықтыру қайта қаржыландыру немесе несиелендіру құрылымын өзгерту жолдарымен жүргізіледі. Қайта қаржыландыру – сыйақысы жоғары, қайтару мерзімі қысқа несиелермен лизингтерді 9 жыл мерзімге дейін созып, сыйақысы 7 пайызға дейін төмендетілген жаңа несие мен лизингке ауыстыру. Қайта несиелендіру құрылымын өзгерту де осы әдіспен, бірақ бір банктің ішінде жүргізіледі.
Қаржылай сауықтыру екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіліп, оларды қаржылай агент «ҚазАгро» Ұлттық холдингі пайызы төмен өз қаржысымен 9 жылға дейінгі мерзімге қорландырады. Сондай- ақ, 14 пайыздан жоғарғы емес несиелердің 7 пайызын субсидия ретінде несие алушының орнына төлейді. Ал, банктер ауыл шаруашылық құрылымдарының жоғарыда айтылған қарыздарын жеңілдетуге және барлық айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығаруды өз мойнына алады. Мемлекет осы мақсатқа 2013-2014 жылдарға 3 миллиард теңге қаржы бөліп отыр.
Қаржылай сауықтыруға жататын несие көлемі шектелмеген. Тек 1,5 миллиард теңгеге дейінгі несиені Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған, ал одан көп көлемдегі несиені Үкімет жанындағы мемлекеттік комиссия қарайды.
Борышкерді қайтадан қаржыландыру кезінде алынған ақшаның мақсатты жұмсалуы қатаң қадағалауда. Басқалай жағдайда субсидиялау дереу тоқтатылады. Сондықтан, мемлекетке несие және лизингтік қарызы бар агроқұрылымдар қаржылай сауықтырудың қайта қаржыландыру немесе несиелендіру құрылымын өзгерту жолдарының бірін тандаулары керек.  Сөйтіп, мемлекет туғызып отырған мүмкіндік пен Үкіметтің үлкен көмегін дұрыс пайдалана білген жөн.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6591
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада22113
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36620
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398778

Серіктестер