Онлайн газет



Азат елдің ар-намысы – Ата заң

Айдана ШОТБАСОВА,
«Ауыл жаңалығы».

Егемендігін еңсерген еліміз есейіп, еңсесін көтерді, көгінде көк туы желбіреп, тұғыры биік Ата заңын қабылдады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазақ халқының қалыптасуына негіз болды. Міне, содан бері қазақстандықтар бас иген басты заң – баға жетпес байлығымызға

айналды.

Аудан халқы Конституция күнін үлкен дайындықпен қарсы алды. Өңірімізде бұл мерекені атап өту шарасы бір күн бұрын салтанатты жиыннан бастау алды. Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйі мекеме басшыларымен мұғалімдер, дәрігерлер, ардагерлер қауымы және  өзге де салалардың қызметкерлеріне толы болды.
Айтулы шарада алдымен Мемлекеттік Ту төрге шығарылып, Әнұранымыз шырқалды. Мұнан кейін мінбеге көтерілген аудан әкімі М.Шүкеев тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолынан бастап қазақ қашанда заңға, тәртіпке бағынғанын тілге тиек еткен аудан басшысы, азат еліміздің Ата заңы дамудың даңғыл жолын көрсеткендігін, тәуелсіздіктің 22 жылында қол жеткізген жетістіктерді атап өтті. Ажарлы Астана, Отанға оралған қандастарымызға жасалып жатқан жанды қамқорлықтар, «ЭКСПО-2017» көрмесінің мемлекетімізде өтетіндігін мақтанышпен сөз етті. Ұлы мереке қарсаңында ауыл әкімдерін сайлау науқаны сәтті аяқталғанына тоқталған Мұратхан Жүнісәліұлы «Астананың 10 жылдығы» атындағы дендросаябақта бой көтерген балалар алаңы, жуырда өз есігін айқара ашатын 280 орындық балабақша, тағы басқа ауданымыздағы оңды істерді ауызға алды.
Салтанатты жиын дәстүрлі марапаттау рәсіміне ұласты. Аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін бірнеше сала мамандары аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен, Алғыс хатына ие болды. Енді бірі аудандық мәслихаттың мадақтауына лайық деп танылды. Артынша ауданымыздың маңдайалды өнерпаздары халық алдына шығып, әннен, биден, жырдан, күйден шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Фото: А.Алдабергенов

 

Обновлено 03.09.2013 11:32
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1068
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1068
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12815
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990907

Серіктестер