|
Қайыпназар Шотбасов. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Тәуелсізбін, тапқан шын халқым бағын, Арайланып атады жарқын таңым. Баршасына кепілдік берген соның, Конституциям – аялы Алтын заңым.
Бас құжаты егемен елдігімнің, Теңдігімнің, керемет кеңдігімнің, Өрлігімнің, ересен ерлігімнің, Біздігімнің және де Мендігімнің.
Тірегі ол үмітім, арманымның, Қорғанышы байлығым, мал-жанымның. Қадағалар құқығым бұзылмауын, Негізгісі түгелдей заңдарымның.
Шапағатын шашатын нұрлы күннің, Ұйытқысы ынтымақ, бірлігімнің, Кепілі ол кемелді келешектің, Көрінісі бүгінгі шындығымның.
Қатар жүріп ұлттар мен ұлыстардың, Қатар жасап еркін, кең тыныстаудың, Асқақтата шырқатып Әнұранды, Мүмкіндігі көк байрақ – Ту ұстаудың.
Міндеттерін айқындар бар төреңнің, Биіктігін байқатар мәртебемнің. Беріктігін танытар күллі әлемге, Қазақ деген иілмес қарт еменнің.
Түгел бәрі, бәрі бар баптарында, Адал қызмет еліме атқаруда. Болашаққа бақытты жол бастаған, Ата заңмен тиіспін мақтануға. |