Онлайн газет



Конституция-тәуелсіздік тірегі

Даулет Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

1995 жылдың 30 тамызында Ата заңымыз  қабылданды. Содан бері Конституция күні мемлекетіміздің басты мерекесі ретінде тойлануда.
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына

айналды.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық заң күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді. 
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялады. Оның демократиялылығы ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Ата заңның 3-бабы 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.    Халықтың еркін көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту.
Ұлтымыздың негізгі қасиетті белгісі ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуі, халықтың қымбат қазынасы, рухани байлығы, салт-санасы, әдет ғұрпы мен мәдениетінің өркендеуіне кеңінен жол ашты, тектері өзге тілдің негізінде жазылып кеткен қазақ азаматтарына өз тілінде қайтадан өңдеп, қазақша атаумен жаздырып алуға мол мүмкіндік берді.
Егемен еліміздің негізгі Заңы біздің қоғамымыздағы қайта құру кезеңінің өзекті мәселерін шешумен қатар, сынды өткелдерден сүрінбей өткізетін бас құжат болды,  тәуелсіз жас мемлекеттің басқару, атқару және заң шығару орындарын, елімізде демократиялық қоғам құрудың принциптерін белгіледі.
Сот жүйесінің одан әрі дамуы 2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңның қабылдануына орай жаңа қарқын алды. Конституциялық заң сот-құқықтық реформасының кезекті кезеңіне жол ашты. Заңда республикадағы сот құрылымының принципті жаңа нормалары, соттардың қызметін ұйымдастыру тәртіптері белгіленді. 
Ата Заңымыз еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, судьялардың мәртебесін көтеруге зор үлес қосты. Соның ішінде сот кадрларын іріктеу Жоғары Сот Кеңесіне берілгенін, тұтқындауға санкция беру құзыреті прокуратурадан алынып соттарға ауыстырылғанын, өлім жазасына мораторий енгізілгенін ерекше атап өткен жөн. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі көтеріліп, әлеуметтік-құқықтық қорғау кепілдіктері жақсара түсті. Алқабилер институты, мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық соттар құрылып, жұмыс жасауларының арқасында сот беделі көтеріліп, түрлі дауларды шешудің баламалы әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Ата Заңымыздың 75-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асыратыны атап көрсетілсе, 77-бабында «судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз, ол Конституция мен заңға ғана бағынады» деп нақтыланған.
Тәуелсіздігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз еліміздің бірлігі мен тұтастығының негізі ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық жетістіктердің бастауы екені сөзсіз. Алдағы уақытта егеменді еліміздің басты заңы өркендеп, қанаты кеңейе берсін демекпін.

 

Обновлено 03.09.2013 11:23
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1108
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1108
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12855
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990947

Серіктестер