Онлайн газет



Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізіледі

Қайыпназар Жалғасбайұлы,
«Ауыл жаңалығы».

Бүгінгі күннің өткір мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес жан-жақты жүргізіліп жатқаны шындық. Қоғамның өзегіне түскен бұл дертпен күрестен облыстық мәслихаттың депутаттары да шет қалған емес. Осыған орай өткен сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында

Жамбыл облыстық мәслихатының қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы болып өтті. Оны облыстық мәслихаттың депутаты, аталмыш тұрақты комиссияның төрағасы Ғ.Сағынтаев ашып, жүргізді.
Тұрақты комиссияның көшпелі отырысында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Мойынқұм, Байзақ аудандары бойынша орындалу барысы туралы» мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселеге орай Мойынқұм ауданы әкімінің аппарат басшысы, комиссияның мүшесі А.Баялиев және Байзақ ауданы әкімінің аппарат басшысы, комиссия мүшесі С.Кенжебаев баяндама жасады. Олар аудандардағы 2012 жыл мен 2013 жылдың алғашқы алты айында орын алған сыбайлас жемқорлық түрлері туралы баяндап, осыған байланысты көрілген шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселеге орай депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның мүшесі А.Майлыбаев сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың жеткіліксіз екеніне тоқталды, оның тиімділігін арттыру жолдары туралы өз пікірін ортаға салды.
Облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 03.09.2013 11:21
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1089
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1089
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12836
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990928

Серіктестер