Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТ

Гүлнәр Ибрайханова,
Байзақ аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы маусымның 29-ында № 110 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілгені белгілі.
Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.
Ел Президентінің «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар өкілдерінің  ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет» деп атап көрсеткендей, бұл жоба осы уақытқа дейін көптеген істерді жүзеге асырудың бағыт байламы ретінде бағаланатын бірден бір құжат.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 21 жылдан астам уакыт болды, сондықтан  ана тіліміздің қоғамның барлық салаларында өз мәртебесіне лайық орын алуы тиіс.
Жоғарыда аталған бағдарламада «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі  2020 жылға қарай 100 пайызды құрауы тиіс деп көрсетілген. Осыған орай мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын барлық қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру барысына байқау сынақтарын өткізулер жоспарланған.
Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді. Осы жылдар ішінде мыңға жуық қазақ мектебінің, балалар бақшасының және жоғарғы оқу орындарының ашылуы ауқымды нәтижеге қол жетіп отырғанын көрсетеді. Сол сияқты мемлекеттік органдарда да қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы күннен күнге артуда.
Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы,  қазақ тілінде сөйлеу және мемлекеттік тілді құрметтеу Отан алдындағы міндетіміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1056
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1056
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12803
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990895

Серіктестер