Онлайн газет



Алпыстың асуында

Өзiнiң туған халқына шын берiлген, туған жерінің мүддесi жолында жаны шырқырай жүрiп қызмет еткен, ғибратты ғұмырын білім мен спорт саласына арнаған ауданымыздағы танымал тұлға

Асқар Смайылұлы Бекбауов алпыстың асқарына аяқ басып отыр. Бітімі кесек осы бір жанға сырттай қараған адам, алпыстың асуынан асты десе сенбес те еді. Бірақ, облыстық мәслихаттың депутаты, Н.Киікбаев атындағы орта мектептің директоры Асқар Смайылұлы үстіміздегі жылы еліміздің мерейлі мерекесі Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында 60 жасқа толды.
Асқар Бекбауов ауданымызға қарасты Байзақ ауылының тұрғыны. Асекеңнің ат жалын тартып мініп, азамат атанғалы туған жерге тер төгіп еңбек еткелі де 39 жылдың жүзі болыпты. 1974 жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика факультетін тәмәмдағалы жоғарғы  білімді және жоғары санатты ұлағатты ұстаз болып, талай толайым қызметтер атқарды. Жастық жігердің арқасында бокстан спорт шебері ретінде еңбекпен спортты ұштастыра білді. Математика пәнінің мұғалімдігімен қатар, спорт мектебінде жаттықтырушылық жасады. 16 жыл аудандық спорт мектебінің директоры қызметінде болды.  2004-2007 жылдары С.Абланов атындағы орта мектептің директоры, 2007-2010 жылдары аудандық білім бөлімінің басшысы, 2012-2011 жылдары аудандық спорт бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап, аудан орталығындағы Н. Киікбаев атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс атқаруда. Ол аудан жұртшылығына білікті, кәсіби басшы, таптырмас ұйымдастырушы ретінде танымал азамат. Асекең басқарып отырған мектеп ұжымының өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі ұлағатты ісінің арқасында соңғы үш жылда 11 оқушы «Алтын белгімен», 2 оқушы ерекше аттестатпен орта мектепті бітірді. Асқар Смайылұлы 2007-2011 жылдары Байзақ аудандық мәслихатының депутаты, 2012 жылдан бері Жамбыл облысы мәслихатының депутаты ретінде облысымыздың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосып келеді. Өзінің жауапты қызметтерін атқару жолындағы елеулі жетістіктері  үшін, Байзақ ауданы әкімінің, Жамбыл облысы әкімінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Күнделікті өмірде қағілездік пен қарапайымдылығынан айнымайтын Асекең  бүгінде жұбайымен бірге отбасында қамқор ата-анаға айналып отыр.  Жанұяда 2 ұл 4 қыз тәрбиелеп өсірген Асекеңнің ұл қыздарының бәрі түрлі салаларда жоғары білімді мемлекеттік қызметкер ретінде еліміздің гүлденіп, көркеюіне өз үлестерін қосып жүр. Ұл-қыздарынан 19 немере сүйіп отырған Асекеңе алпыстың асқарында  алатын асуларында абырой мен бақытқа кенеле беруіне тілектестігімізді білдіргіміз келеді.

 

Өз тілшіміз.


Обновлено 03.09.2013 11:15
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1084
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1084
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12831
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990923

Серіктестер