Онлайн газет



ПАРТИЯ НАЗАРЫНДАҒЫ НЫСАНДАР

М.Манекеев,
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының хатшысы.


«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының күнделікті тыныс-тіршілігі қашанда қалың бұқарамен біте қайнасып жататыны жасырын емес. Қазіргі таңда аудандық партия филиалының алдындағы ең басты мақсат – халыққа жақын болу. «Халықтық» деген атауға лайық болу үшін, көпшіліктің мұң-мұқтажын тыңдап, қайнаған тіршіліктің ортасында

жүру. Ал, жұртшылықпен аражігі ажырамас байланыс орнатуда аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау бекеттерінің маңызы зор екендігі анық. Бүгінгі күні аудандық филиалда 17 бақылау бекеттері жұмыс істейді. Партиялық бекеттер мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардың орындалуы барысын қалт жібермей қадағалауда. Сайып келгенде мемлекеттік бағдарламалардың жоғарғы деңгейде орындалуына партиялық қатаң бақылау жүргізіп, ел үмітін ақтау Партиялық бақылау комиссиясының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Осы аптада «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалына Ынтымақ топтастырылған су жүйесі арқылы Түймекент ауылына су кіргізу жүйесін іске қосу және су имараттары құрылысын салумен айналысып жатқан мердігер «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-нің үстінен арызданған ауыл тұрғындарының өтініштеріне сәйкес аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы тексеру, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш серіктестіктің прорабы Ә.Ахмедовтың бізге берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, қазіргі таңда Түймекент ауылына ауыз су жүйесін кіргізу жұмыстарымен «Спец Строй» және «Тараз ЖЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысуда екен. Ағымдағы жылдың мамыр айында басталған су кіргізу жүйесін іске қосу жұмыстарына биылға 154 млн. теңге бөлініпті. Жоғарыда аталған екі серіктестік те өздеріне бекітілген жоспар бойынша тынымсыз еңбек етуде. Жыл соңына дейін жоспарланған жұмысты уақытынан бұрын аяқтауды көздеп отыр. Яғни, биылға қарастырылған қаржыны осы жылдың қыркүйек, қазан айларында толығымен игеретіндіктеріне сенімді. Осы жұмыс барысында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-тілектер мен ескертулер назардан тыс қалмай, өз шешімін табуда.
Әбілхан Ахмедов, «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-нің прорабы:
-Ауыл тұрғындарының айтқан сын-ескертпелерін үнемі назарда ұстаймыз. Біз өзімізге көрсетілген жоба бойынша жұмыс жасаудамыз. Себебі, жобада көрсетілген су құдықтарының деңгейі жоғары болуы керек. Сондай-ақ шұңқырға көміп жатқан құбырымыз полиэтиленнен жасалғандықтан оған топырақ салуға болады. Бірақ, соған қарамастан оған құм төсеп жатырмыз. Біздің атқарып жатқан жұмысымыз «Нұр Отан» ХДП  партиялық бақылау бекетінің, техникалық қадағалаушының және ауыл тұрғындарының назарында екені анық. Сондықтан өзімізге жүктелген міндеттерді сапалы орындауға күш салудамыз.
Сонымен қатар, техникалық қадағалаушының жұмыс барысында көрсеткен ескертпелері дер кезінде жүзеге асырылады. Ауылдың жасөспірім балалары құдық қазылып жатқан шұңқырларға керіп қойған лентаны, қаққан қазықты, ескерту белгілерді орнынан алып тастайды. Осыған байланысты ауыл тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұранамын.
Б.Бегелтаев, техникалық қадағалаушы:
-Ынтымақ топтастырылған су жүйесі арқылы Түймекент және Жетібай ауылдарына су кіргізу жүйесін іске қосу және су имараттарының  құрылысы, сондай-ақ Құмжота ауылына су кіргізу жүйесін іске қосу жұмыстарына техникалық қадағалау маған жүктелгендіктен қазіргі таңда осы құрылыс нысандарымен айналысып жатқан мердігерлердің жұмыстарына қадағалау жүргізудемін. Мұнда бір ескере кететін мәселе, құрылыс нысандарының жобасы жасалғанына 3-4 жылдың жүзі болғандығы. Қазір күнде өзгеріс, жаңа тұрғын үйлер қатары көбейіп келеді. Сондықтан біз жергілікті тұрғындар сұранысына сәйкес мердігерлер келісімімен жобаға өзгерістер енгізудеміз. Түймекент ауылындағы құрылыс нысанына байланысты ауыл ардагерлерімен кездесіп, жұмыс барысында түсінік бердік.
Р.Жакипов, «Тараз ЖЕК» ЖШС-нің бригадирі:
-Біздің атқарып жатқан жұмысымызға байланысты сын-ескертпелерді жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, тұрғындар бізді де түсінгені дұрыс болар еді. Біз өзімізге жүктелген жоба аясында жұмыс атқарудамыз. Жобадан ауытқығанымыз жоқ. Қазіргі таңда ұжымда 15 адам жұмыс істесе, оның 10-ы жергілікті тұрғындар. 2 эксковатор, 1 «Газ-53» маркалы автокөлігіміз бар. Жұмысшылардың жалақысы 70 мың теңге көлемінде. Қазған шұңқырдан су шығып кеткен соң, ауыл әкімшілігімен келісіп, бір апта мерзімге ауыл көшелеріне келіп жатқан ағын суды уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Қалмұратов ауыл тұрғындарының сын-ескертпелеріне байланысты зерделеу жұмыстарының жүретінін, су жүйесін кіргізу барысында атқарылып жатқан жұмыстың сапасына назар аудару қажеттігін алға тартты. Аталмыш бекет жетекшісі Т.Мысықбаев пен бекет мүшесі М.Халилаевтар тұрғындар мен мердігерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, құрылыс барысы бекет мүшелерінің қатаң бақылауында екендігін жеткізді.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сондай-ақ жуырда пайдалануға берілгелі отырған Сарыкемер ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысымен де танысты. Топ мүшелерін құрылыс басында жүрген бас инженер Б.Тұрсынбеков пен прораб Қ.Түсіпбековтер қарсы алды. Қазіргі күні мұнда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жиһаздар мен жабдықтар орнатылғанын жеткізген құрылыс мамандары шілденің 31 жұлдызында нысанды тапсыратындықтарын жеткізді. Әр топқа 25 баладан келетін 12 топқа арналған бөлмелер жаңа жабдықтармен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Тек күзгі мезгілге көгеріштендіру жұмыстары қалып, оған қатысты кепілдік хат беріліпті. Балабақша ішіне тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ сыртқа орнатылған алаңқайларға балаларға қажетті ойын жабдықтары орнатылуда екен. Белгіленген мерзімде табыс етеміз дейді құрылыс мамандары бізбен болған әңгімесінде.
Гүльмира Тайсенгирова, Сарыкемер ауылының тұрғыны, жұмысшы:
-Осы құрылыс нысаны басталғалы бері жұмыс істеп жатырмын. Жалақыны өз уақытымен беріп келеді. Сондай-ақ мұнда түскі және кешкі ас тегін беріледі. Енді, жақын уақытта бүлдіршіндерге есігін айқара ашатын жаңа балабақшаның құрылысына атсалысқаныма қуаныштымын.
Құрылыс барысымен танысқан партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ең бастысы сапаға көңіл бөлу керектігін назарда ұстады.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 01.08.2013 09:32
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін251
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада2980
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63729
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109539

Серіктестер