Онлайн газет



Қысқа дайындықта ұсақ-түйек болмайды

Г. Ермұратова,
“Ауыл жаңалығы”.

Өткен аптада облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев жетекшілік ететін жылыту маусымына әзірлік жөніндегі облыстық штабтың отырысында алдағы қысқа дайындық барысы қаралып, онда ауданымыздағы кейбір білім ошақтарында орын алған кемшіліктер анықталған болатын. Осы мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З. Дүзеновадан білім ошақтарында  алдағы қысқа дайындық барысы қалай жүріп жатқандығын, айтылған кемшіліктерді жою бағытында қандай жұмыстар қолға алынғандығы туралы сұраған болатынбыз.

З. Дүзенова, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы:
-Бүгінгі таңда білім беру саласына қатысты  нысандарда алдағы қысқа дайындау жұмыстары өз ретімен жүргізілуде.   Аталмыш  бөлімге  қарасты 69 мекеменің 2-еуі орталықтандырылған қазандықпен, қалғандары 67 дербес қазандықпен және  автономды жылыту жүйесімен жылытылады. Осы мекемелердің 22-сі газбен, 46-ы көмірмен, 1-еуі сұйық отынмен жағылады, оның ішінде 3 мектепке «Жамбыл жылу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қызмет көрсетеді.
Қатты отынмен жылытылатын білім ошақтарына 28 млн. 273 мың 550 теңгеге 3145 тонна көмір сатып алыну үшін  «Фаворит Азия» ЖШС-і арқылы келісім-шарт жасалды. Мектептерге қатты отынды тасымалдау ағымдағы жылдың 25 шілдесінде аяқталуы тиіс. Мұнымен қатар аудан аумағындағы 20 балабақшаның 9 қатты отынмен, қалған 11-і көгілдір отынмен  жылытылады. Қатты отынмен жылытылатын 9 балабақшаның барлығына 580 тонна көмір қарастырылды.
Қысқа дайындық барысында республикалық бюджеттен «Жансая» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарына және жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға 64 млн. 413 мың 468 теңге қарастырылып, «Бином» ЖШС-і арқылы жұмыстар жүргізілуде.  Чапаев орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 30 млн. 875 мың 672 мың теңге қарастырылып, «Каз Комерц Строй» ЖШС-і арқылы жұмыстар толығымен аяқталды. Жамбыл орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 31 млн. 763 мың 554 теңге қарастырылған болатын. Бұл жұмысты  «Сити Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқару үстінде. Жергілікті бюджеттен Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазандығын ағымдағы жөндеуге 1 млн. 658 мың теңге қарастырылып, конкурсқа берілді. Аққия бастауыш мектебінің ішкі төбесі мен электр жүйелерін ауыстыру жұмыстарына 528 мың 888 теңге бөлінген еді. Мұнда жеке кәсіпкер  “А. Усенбаева”  жеңімпаз атанып,  істі қолға алған-ды.Сондай-ақ  Дихан  орта мектебінің спорт залын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 млн. 500 теңге, Көктал орта мектебі ғимаратының есік-терезелерін ауыстыру жұмыстарына  4 млн. 375 мың теңге, Королевка орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 млн. теңге, Уәлиханов, Мәметова, Сарыкемер,  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектептеріндегі  шағын орталықтарға  ойын алаңдарын салуға бөлінген қаражат игерілу үстінде. Бурыл орта мектебіне жартылай ағымдағы жөндеу жұмыстары  мен жұмсақ жамылғысына 1 млн. 615 мың теңге қарастырылған. Қазіргі таңда конкурс нәтижелері  күтілуде.
Жылдағыдай  білім  ордаларының  терезелерін жылылау, қысқа дайындау үшін қосымша 1 млн. 49 мың 220 теңгеге әйнек сатып алынып, мектептерге таратылып берілді.
“Қыс қамын, жаз ойла”, демекші, облыстық  штабтың отырысында біздің аудан аумағындағы білім ошақтарында  орын алған олқылықтар орнына келтірілуде.  Дәл қазіргі уақытта  білім мекемелерінде әктеу, сырлау, терезелерді жылылау жұмыстарын сапалы жүргізуге барынша ден қойылып отыр. Сонымен қатар Алтынсарин, Берікқара, Жамбыл, Н.Киікбаев, Ленин, Жаңатұрмыс, Амангелді орта мектептерінің  жылу қазандықтарына 540000 мың теңгеге  электрқозғалтқыштар сатып алу жұмыстары атқарылуда.
Қорыта айтқанда, білім ошақтарын қысқа дайындау жұмыстарының 70 пайызы орындалды десе де болады.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін299
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3028
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63777
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109587

Серіктестер