Онлайн газет



ЕЛ МӘРТЕБЕСІН АСҚАҚТАТУ – ЕРДІҢ ІСІ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Елбасы – Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің  Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазіргі әлемде саны көп армиялардың қажеті шамалы. Ыңғайлы, ұтқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі мол армия

керек. Армия халқымыз мақтанатындай болсын. Армиямыздың беделін арттыра түсейік», деген сөзі қай уақытта да өзектілігін жоғалтпақ емес.
Қазіргі таңда егемен еліміздің қорғанысын арттыруда елеулі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі әрі бірегейі – әскери міндеттілер мен әскерилерді және запастағы офицерлерді келісім-шарт бойынша әскер қатарына тарту. Бұл орайда Қорғаныс министрлігінің аппараты үгіттеу-насихаттау жұмыстарын қолға алды.
Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжілістер залында өткен басқосу осы тақырыпқа арналды. Аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов, Байзақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Қ.Бошай, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысқан жиын барысында Жамбыл облысы бойынша қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары, полковник Н.Зинелов сөз сөйледі.
Өз сөзін «Қарулы Күштерді офицерлермен, сержанттармен, қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды бір бағыты болып табылады. Қарулы Күштердегі кадрлар саясатының негізгі мақсаты кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары мамандарды іріктеп алу»-деп бастаған Нұрбол Зинелов ескі жасақтау жүйесінің жаңа сипатқа ие болғанын алға тартты. Яғни, келісімшарт бойынша офицерлерді, сержанттар мен солдаттарды әскери қызметке қабылдаудың жаңа жүйесі әзірленді. Оның ерекшелігі – құжаттарды дайындау және орындау мерзімінің ұзақ сатылардан өтуі жойылды, әскерге шақыру үрдісі орталықтандырылды. Бұл құжаттарды қараудың уақытын қысқартып қана қойған жоқ, Қарулы Күштер қатарын жасақтаудың тиімділігін екі-үш есеге арттыруға мүмкіндік берді-деді.
Мемлекет келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, жалдап тұрған жағдайда жәрдемақы тағайындауға кепілдік береді. Әскери қызметшілердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелерден кезектен тыс орын бөлінеді. Әскери қызметші мен оның отбасы үшін медициналық қызмет көрсету мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мемлекет есебінен киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, қызметі бойынша ауысқанда, әскери қызметтен шығарылған жағдайда жүгін тасымалдауға, ем қабылдау стационарына барғанда және кері қайту жолының қаражаты өтеледі. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерушілер үшін 2 айлық жалақы мөлшеріндегі сауықтыру төлемақысымен қоса, 40 күнге дейінгі жыл сайынғы кезекті демалыс беріледі. Қазақстан Респубикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жыл сайынғы негізгі демалыстан басқа да қосымша демалыстар ұсынылады. Қажет болған жағдайда сырқаты бойынша және отбасы жағдайына байланысты демалыс алуға да құқылы.
Бұл жүйе бойынша әскер қатарына кіруге ниет білдірушілер тұрғылықты жерінің қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне (әскери комисариаттар) қажетті құжаттарын өткізеді. Сонымен қатар, Кадрлар департаментінің сайтына тіркелу арқылы өз құжаттарының бақылауға алынғанын біле алады. Іріктеу комиссиясы кандидаттарды медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден, дене дайындығы бойынша сынақтан өткізу және нормативтік-құқықтық актілер мен басшылыққа алынатын негізгі құжаттарды білуін тексеру арқылы таңдайды.
Қазақстандық озық ойлы, жоғары білімді әрі тәжірибелі зияткерлік армияны жасақтау – біздің басты міндетіміз. Заманауи әскери техникамен жабдықталған, сонымен қатар, ақыл-ойы мен ерік-жігері мықты әскер ғана халқын қорғай алатыны анық-деп сөзін қорытындылаған Н.Зинелов жиын қатысушыларын үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды.
Жиын соңында оған қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 01.08.2013 09:22
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін356
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3085
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63834
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109644

Серіктестер