Онлайн газет



Жеті өлшеп, бір кес

М.Жамішжанов,
Дарын мектебі, 11-сынып оқушысы.
Үлгілі ауылы.

Мақаланың атын айқайлатып қоюын қойдым да, неден бастарымды білмей дал болдым. Қазір мектеп ұясынан енді ғана ұшқан түлектердің ҰБТ сынағын тәмамдап, болашақ оқу ордасын, болашақ кәсібін, яғни мамандығын қызу таңдау үстінде екені баршамызға мәлім. Өзіңіз байқағаныңыздай, қозғап отырған тақырып, мамандық таңдау жайында.
Бұл тұрғыда  «Түсіне қарама, ісіне қара»,-дейді М.Қашқари. Ия, расында да, жұмыстың тоқтағаны, өзіңнің тоқтағаның. Ол сенің-компасың. Ал, бұл жауапкершілігі мол, ауырпашылығы зор жолда бағдар тауып, еккен жемісіңнің қызығын көру үшін жақсы маман иесі болу керек. Мамандық таңдай отырып, тек жұмыс орныңды емес, өзіңнің қоғамдағы орныңды таңдайтыныңда ұмытпағайсын.
Жалпы, «мамандық» сөзі латын сөзінен алынып, «жұрт алдында сөйлеу», «үндеу» деген ұғымдарды білдіреді. Өміріңдегі ең маңызды шешімдердің бірін мамандық таңдағанда қабылдайсың, десек артық айтқандық болмас. Қазақта мынандай керемет аталы сөз бар: бірінші мамандық, екінші жар таңдауда қателессең, қалған ғұмырың қателікпен өтеді. Сондықтан да мамандық таңдағанға  бей-жан қарауға болмайды. Өйткені өз ісінің нағыз маманы атану екенің бірінің еншіссіне бұйырмаған қасиет. Ол үшін әуелі мамандығыңа деген махаббат керек. Махаббат-адам рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім. Бір сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы тиіс. Сонда ғана бар ынта-жігеріңізбен жұмысыңызға құлшына кірісіп, өз ісіңіздің үздігі атанасыз. Осы іңкәр сезімді кеудеден оятқан жағдайда ғана қоғамға пайдамыз тиеді. Адам өзіне «Осы мамандық маған сай келеді ме?», «Отанымның өрге жүзуіне қандай да бір ықпалы тиеді ме?» деген сыңайлы сұрақтарды қоюы керек. Қазіргінің жастары сұрақты қоймақ түгіл, кім боларын білмейді. Жоғары оқу орындарын бітіргендердің басым бөлігі экономист, заңгер, дипломат мамандықтарын құрайды. Олардың пайымдауынша, сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Теріске шығаруға болмайды, ол мамандықтардың басқаларға қарағанда табысы да, мүмкіндіктеріде  көптеу шығар. Дегенмен бұл, меніңше  бұрыс ұғым. Нақ осы мамандықтар бойынша жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Жұмыс сайрап тұр деп кім айтты? Осының салдарынан талай жастарымыз дипломдарын құшақтап, базарда, құрылыста жұмыс жасап жатқандары жасырын емес. Өзі қаламайтын мамандықтың иесі болып жүргендері қаншама?  Ертеңгі күні солардың кейпіне енбеу үшін жеті рет өлшеп, бір рет кес, бір сәт жүрекке үңіліп, жаның қалаған мамандықты таңдай біл, дегім келеді.
Бір ғана мысал келтірейін, осы жылғы түлектер қатарынан «мұғалім», «құрылысшы», «агроном» сынды қарапайым мамандықты таңдаған адамды кездестірмедім. Барлығы қолдарын аспанға созады, соңында қу тізелерін құшақтап қалмаса болғаны. Мансап, билік деп ашкөздінеп, адамгершіліктен аттап кетпелік. «Ең дұрыс  мамандық-адам боп қалу» деген.
Толыққанды білімді маман бүгінгі Қазақстанға ауадай қажет. Алла тағала тәй-тәй басқан «Мен болашақ маманмын» дегендерге, ең алдымен тәрбие, сана, білім берсін, деп тілейік.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін315
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3044
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63793
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109603

Серіктестер