Онлайн газет



«ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

Н.Сүгірбеков,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның дүйсенбісі күні «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы Халыққа қызмет көрсету орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалы Байзақ аудандық бөліміне жеке мәселелерімен келген ауыл тұрғындары арасында

сауалнама жүргізді. Шараның басты мақсаты — аталмыш мекемелердің тұрғындарға қызмет көрсету деңгейі мен жұмыс сапасын анықтау. Сауалнама нәтижесінде, халықтың ұсыныс-пікірлері жинақталып, сараптама жасалды. Бұл  жұмыстар орталықтың  жұмыс пәрменділігін арттыруға  бағытталып, нақты ұсыныстар әзірлеуге көмегін тигізеді.
Іс-шара барысында жасотандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалы Байзақ аудандық бөліміне келген аудан тұрғындарына сауалнама алудың мәні мен маңызы туралы түсінік берді. Бүгінгі күні аудан халқынан 50-ге жуық сауалнама алынып, қорытындысы жасотандықтар тарапынан зерделену үстінде.

 

Обновлено 01.08.2013 09:10
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін295
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3024
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63773
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109583

Серіктестер