Онлайн газет



Жетістіктер де, кемшіліктер де айтылды

Жақында Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

 

өтіп,  «Байзақ ауданының 2012 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы» мәселе қаралды.
№5 Суханбаев сайлау округінен депутат С. Молдабековтің төрағалық етуімен өткен отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 132-бабының талаптарына сәйкес «Байзақ ауданының 2012 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы» мәселе бойынша аудан әкімдігі  қаржы бөлімінің бастығы Ж. Құмғанбаев, бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау бөлімінің бас маманы Д. Жусанбаев баяндама жасады. Сондай-ақ 2012 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы есеп бойынша аудандық мәслихаттың қорытындысы туралы тұрақты  комиссия төрағасының міндетін уақытша атқарушы, №5 Суханбаев сайлау округінен депутат С. Молдабеков баяндама жасады.
С. Молдабеков өз сөзінде, жергілікті бюджет қазанынан Жақаш, Қарасу, Көкөзек елді мекендеріне таза ауыз сумен қамту үшін 488,2 млн. теңге бөлініп,  мақсатты жұмсалғандығын, сонымен қатар Қостөбе ауылындағы “Гүлсім” балабақшасы мен Дихан орта мектебінің қазандықтары табиғи газға ауыстырылғаны, “Балапан” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 210,9 млн.  теңге бөлініп, 1750 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отырғандығын, білім беру нысандарын күрделі және  ағымды жөндеу жұмыстарына 2012 жылы бюджеттен 225,5 млн. теңге жұмсалғандығын,сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға да тиісінше қаражат  бөлініп,   толығымен игерілгендігін тілге тиек ете келе,
- Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының тұжырымдамасында көрсетілгендей орын алған кемшіліктер де жоқ емес. Өткен жылы аудан бюджетіне 6 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Бюджет кірісін жоспарлау және оны сапалы орындау мақсатында аудан әкімдігінің бюджеттік комиссиясы салық салу объектілері мен көздерін зерделеу жұмыстарын жан – жақты жүргізбегендіктен және уәкілетті органдарының басшылары бюджеттік комиссия отырысына жете мән бермей қабылдағандықтан, бюджеттік түсімдердің едәуір артық немесе кем орындалу фактілері орын алған. Нәтижесінде ауданның бюджеті жоспарлағаннан 16,7 пайызға артық орындалған. Соның салдарынан және өзге себептерге байланысты 2013 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінде 85697,5 мың теңге бос қалдық қалыптасқан. Соның ішінде 65632,0 мың теңге бюджеттің кіріс бөлігінің артық орындалғанынан орын алса, 20065,5 мың теңгесі шығыс бөлігінің игерілмеуінен болып отыр. Осы игерілмеген қалдық аудан әкімдігінің бөлімдерінен жиналған. Аудан әкімдігі  қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің және Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының  жұмыстарында үйлесімнің жеткіліксіздігінен әрі  ауданның бірқатар мекеме басшыларының қызметтерін тиісінше атқармай, дұрыс шешім қабылдамағанына немесе бастаған жұмыстарын толық аяқтамағанына байланысты сот шешіміне сәйкес басқа мекемелерге өтемақылар төлеуге мәжбүр болған. Ал төлемдер мекеменің есебінен жүргізілген. Осындай олқылықтар салдарынан аудан бюджетін бірталай шығынға ұшыратқан. Міне осы аталған кемшіліктерді зерделей отырып,  келер жылғы  бюджетті жоспарлауда  мұндай  жағдайға  орын берілмеуі тиіс,- деп сөзін  түйіндеді Сәкен Келесұлы.
Депутаттар өткізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, аталған жүйеде бірқатар проблемалардың бар екендігін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады.

 

Өз тілшіміз.
Фото: Н.Сүгірбеков

Обновлено 22.05.2013 17:56
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін79
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2929
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38523
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949408

Серіктестер