|
М.Манекеев, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының хатшысы.
Мемлекет басшысы, ұлт көшбасшысы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізі болған “Елдің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы”
, “Нұр Отан” ХДП қызметінде басшылыққа алынатын басты құжат екендігі белгілі. Сондықтан “Нұр Отан” ХДП халықтық тұғырнамасында, партияның бағдарламасында және жоғарыда аталған құжаттарда Елбасы алға қойған міндеттерді орындау барлық “нұротандықтардың” жауапкершілігінде. Жаңа заманауи технологиялардың көшінен қалыс қалмас үшін елімізде соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынмен енгізу қолға алынып, интернет және басқа да арналар арқылы электрондық қызмет көрсетулер дамытыла бастады. Осы бағыттағы жұмыстар мен түйткілдер Елбасының да, Үкіметтің де назарынан тыс қалған емес және олар стратегиялық басымдықтардың алдыңғы кезегіне қойылды. «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының жоспарына орай облыстық партия филиалы аппараты қызметкерлерінің қатысуымен аптаның сейсенбісі күні аудандық партия филиалының ғимаратында орталықтандырылған электрондық дерекқорға әзірлік жұмыстарына байланысты семинар-кеңес ұйымдастырылды. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Ерғали Омаров, аудандық партия филиалының саяси кеңесі, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен семинар-кеңесті аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов ашып, жүргізіп отырды. Өз сөзінде семинар-кеңестің маңыздылығына тоқталған Нұржан Тлепов өткен жыл қорытындысы бойынша салыстырмалы тексерудегі сәйкессіздікке баса назар аударды. Электрондық дерекқорға енгізу кезінде есеп карточкаларында келеңсіздіктердің орын алмауына, кемшіліктердің болмауына ерекше мән бере отырып, тез арада әзірлік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға кірісу қажеттігін ескертті.  Өз кезегінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Ерғали Омаров деректерді электрондық жүйеге көшіру, оның жолдары, қажетті нұсқаулық жөнінде кеңінен мағлұмат берсе, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Үкібаев семинар-кеңес қатысушыларына таратылып берілген нұсқаулық үлгісі бойынша түсініктеме берді. Сондай-ақ семинар барысында күн тәртібіндегі мәселеге орай туындаған сұрақтар мен өтініштерге нақтылы жауаптар қайтарылды.
|
|
Обновлено 22.05.2013 17:52 |