Онлайн газет



ЖЕР СІЛКІНІСІ ЖАТТЫҒУЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Осы бейсенбінің сәтінде Алматыда жер сілкінісі бола қалған жағдайда, ауданның басқару органдарының, аппаттық құтқару қызметі күштерінің жұмысын ұйымдастыру және азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан

соғыс жағдайына аударған кезде аудан экономикасын басқаруға аудан тұрғындары мен төтенше жағдайдың қаншалықты дайын екендігін таразылау мақсатында командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Аталмыш сейсможаттығуға Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Евгений Меришев, басқарманың бас мамандары, өртке қарсы қызмет офицерлері Данияр Жанқұлиев пен Жомарт Сәдірмеков, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы, азаматтық қорғаныс бастығының міндетін атқарушы, аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Ж.Танабаев, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері, ауданның инженерлік техникалары, шұғыл қимыл отрядының апатты қалпына келтіру топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
Алдымен таңғы сағат 8.00-де аудан әкімдігінің мәжілістер залында орын алған төтенше жағдайға байланысты комиссия отырысы өткізіліп, тест алынды. Сондай-ақ сағат 9.00-де дабыл бойынша шұғыл жиналған арнайы тактикалық жаттығуға қатысатын топтардың жеке құрамының толықтырылуы, техникамен, автокөлікпен, байланыс құралдарымен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі алға қойған мақсатқа жету барысында іс жүзінде пайдаланатын азаматтық қорғаныс құрамаларын экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану, апаттық құтқару қызметінің құрамаларын дайындау және жіберу үшін басқару органдарының атқаратын іс-қимылдарын шыңдау жұмыстары сарапқа салынды.
Авариялық шұғыл топ бастығы А.Момбековтің рапортынан кейін командалық штабтық оқу-жаттығуға қатысушылардың дайындығы қаралды. Дайындық барысымен мұқият танысқан Әзімхан Қилыбайұлы мен Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Евгений Меришев бастаған топ аудандық өрт сөндіру бөліміне, жедел-жәрдем қызметіне, мамандандырылған дәрігерлік алғашқы көмек бригадасына,  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тобына, байланыс тобына және де техникалардың тазалығына, арнайы киімдердің болуына көңіл бөлу қажеттілігіне баса назар аударып, ауызша түрде ескерту берді. Cонымен бірге, басшылардың функционалдық міндеттерін орындауы және дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды.
Оқу-жаттығу барысында шұғыл қимыл отряды, құтқару командасы, барлау тобы, киім-кешекпен жабдықтайтын жылжымалы тірек, жылжымалы тамақтандыру тірегі. Сумен қамтамасыз ету тобы және азық-түлікпен жабдықтайтын жылжымалы тіректердің апаттық құтқару жұмыстарын іс жүзінде атқаруға дайындықтары пысықталды. Сонымен қатар, есептік-сараптама тобы, жеке қорғаныс құралдарын тарату тірегі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, лабораториялық қадағалау мекемесі, радияциялық – химиялық бақылау тірегі, көшірілген халықты қабылдау тіректерінің жұмыс істеу қабілеттері, жеке құрамдардың функционалдық міндеттерді меңгеру дайындықтары тексерілді.
Осыдан кейін Сарыкемер ауылындағы «Казсельхозтехника» аумағында арнайы тактикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Аудандық шұғыл қимыл отрядының өрт сөндіруші, жедел жәрдем, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, байланыс, электр желілерін қалпына келтіру топтарының қатысуымен және автокран, жүк тиегіш, экскаватор, «КУН-10», «КамАЗ», «МТЗ-80» тіркемесімен, автогрейдер, «ЗиЛ-130» техникалары тартылған жаттығуда жер сілкінісі салдарынан орын алған өртті сөндіру, өрт аумағында жараланған азаматтарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету, апаттық жағдайдағы электр және байланыс желілерін қалпына келтіру, апат аумағында қалған адамдарды құтқару, жер сілкінісі аумағындағы орындарды тазалау сынды жұмыстар атқарылды.
Кешке дейін жалғасқан командалық штабтық оқу-жаттығу жиынының қорытындысы шығарылып, оқу-жаттығу барысына кеңінен талдау жасалынып, сараптама жүргізілді.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 22.05.2013 17:49
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1648
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1648
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда38091
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295349

Серіктестер