|
М. Илияс, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасының Байзақ және Жамбыл аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры.
Ел егемендігінің арқасында міне, бүгінде бейбіт өмір сүріп келеміз. Қазақстанымыз жылдан-жылға көркейіп, зәулім ғимараттар тұрғызылуда, ауылдарымыз жаңаруда. Елбасының биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» деген тарауында бірнеше басым бағыттар көрсетілген. Мұнда мемлекетті басқарудың жаңа типі, басқаруды орталықсыздандыру, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу, жемқорлыққа қарсы күрес тағы сол сияқты бөлімдермен жұмыс істеу, оны әрі қарай дамыту керектігі айтылған болатын. Мұны ары қарай дамыту – біздің қолымызда. Өзінің қалыптасу жолында дамушы елдер бірталай экономикалық, сонымен қатар әлеуметтік қиындықтарға тап болатыны белгілі. Экономиканың құрылуы, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау мен білім жүйесін жетілдіру бұл жас мемлекеттердің орындайтын міндеттерінің бір бөлігі ғана. Осыған байланысты сауатты стратегиялық жоспарлаудың маңызы өте үлкен. Елбасымыз бүкіл мемлекетімізді, барлық қазақстандықтарды өмірдің бүкіл салаларында нақты нәтижеге қол жеткізіп, әл-ауқатымыздың әр уақытта жақсаруына өз үлесін қосып жатыр. Бүгін Қазақстан – геосаяси маңызы зор, жетістіктері мен талпыныстарын әлем таныған қалыптасқан жас мемлекет. Ең бастысы біздің еліміз дамудағы болашағы мен әлеуеті мол мемлекет. Сондықтан кез-келген реформаны енгізуде батыл қадам жасаса болады. Өзінің кезекті «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында Н.Назарбаев негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті. Президент индустрияландырудың жаңа кезеңдегі нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Елбасы қазақстандық мемлекеттілікті, демократияны және халықтың бірлігін нығайту керектігін атап көрсетті. Ол Парламенттің рөлі мен өкілеттілігін нығайтуға, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуға, сот билігінің беделін көтеруге аса мән берді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру мен нығайту да алдағы уақытта жүзеге аспақ. Дамудың жаңа саяси бағыты ҚР Президенті парасатты саясаткер, көреген мемлекет қайраткері болып табылатынын тағы да дәлелдеуде. |