Онлайн газет



Байзақ ауданының экологиялық жағдайы

Е.Қошмағамбетов,
Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік-экологиялық  инспекторы.

Қазақстан Республикасының тұрақты даму Тұжырымының белгіленген параметріне қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізу департаменттің ең басты бағыты болып есептеледі. Қоршаған орта  дегеніміз бұл - атмосфералық ауа, аспандағы оттегі қабаты,  жер үсті және жер асты сулары, кен қорлары, өсімдік пен жануарлар дүниесі, сондай-ақ климаттың өзара ерекшеліктерін табиғаттың тұтас бір жиынтығы деп айта аламыз. Яғни, бірімен-бірі тығыз байланыста болатын жаратылыс құбылысы. Қоршаған ортаның күрделі  тұстарын сараптай отырып, оны қорғау Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексімен реттеледі.        
Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басқада мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, экологиялық заңнамалардың сақталуы бойынша жыл сайын  өкілетті мемлекеттік  экологиялық инспекторлармен жоспарлы тексерулер жүргізіледі.
Байзақ ауданы Тараз қаласына жақын болғандықтан, ластану индексі салыстырмалы түрде бірдей. «Қазгидромет» РММ зертханасының дерегі бойынша 2012 жылы ластану деңгейі АЛИ (Атмосфераның ластану индексі) біршама төмендеп 7,39 бірлікті құраса, 2011 жылы 7,6 бірлік болған. АЛИ-ң  төменгі көрсеткіште болуы, шаң концентрациясының 1 ШРЕК азайғанынан, яғни ол 2011 жылы 1,33 ШРЕК (Шектеулі рұқсат етілген концентрация) осындай қалыпта фторлы сутегі 2011 ж.  0,005-тен 2012 ж 0,004 мг/м3 дейін  шегерілген.   
Формальдегид концентрациясы өткен жылғы деңгейде тұрақтап 2,67 ШРЕК құраса, осы деңгей азоттың қостотығы, көмір тотығына қатысты 1,5 ШРЕК тен 1 ШРЕК өлшемімен өзгеріссіз қалып отыр. Ауылдық жерлерде қоршаған ортаны ластаушы нысана мал және құс шаруашылығы және жаңа дамып келе жатқан өндірістік мекемелер мен жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру мекемелері. Мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан аталған сала өндірістері бақылауға алынған.
Жамбыл облысы бойынша экология  департаментінің  бекітілген жылдық жоспарында 2012 жылғы № 147 актісімен «База-Servis» ЖШС бойынша атмосфералық ауаны, жер қойнауын, су ресурстарын, жер ресурстарын және өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдықтарды орналастыруына жоспарлы тексеріс жүргізілді. Мекеменің негізгі қызметі себінді шағал, құм кірпіш шығарумен, бос ғимаратты жалға берумен айналысады. Байзақ ауданындағы Кеңес Одағының жылдарында салынған шайынды су тазартқыш имараттары «Ет комбинаты» АҚ, «Кожкомбинат» ЖШС, «Жүн» ЖШС тоқтап қалғандықтан, сүзгі алаңының 146 картасынан қалғаны, 6-уы ғана жұмыс істеп тұр. Ендігі кезекте Тараз қаласының шайынды су тазартатын биостанциясы салынып біткеннен кейін, аталған карталардың орнын рекультивациялау міндеті қойылады. Сумен қамтамасыз ететін сек/3 литр су шығаратын 122 метрлік артезиан ұңғымасы бар. Санитарлық қорғаныш аумағы қанағаттанарлық. Су пайдалануға, суды реттеу құзырлы органдарынан тіркеу №125, 0211.2013 жылға дейін жарамды құжаттары бар.     
Негізгі су пайдаланушылар кірпіш зауыты, әкімшілік ғимараты, қоймалар, жасыл желектер. Тексеру барысында анықталғаны су тиімді пайдаланылмай жазықтыққа жіберу арқылы ҚР «Су кодексінің»  72-бабы бұзылған.
Жерқойнауын пайдалануда шикізатты «Казахстрой-Нуndai» (Хэндэ) ЖШС арқылы қиыршық және құм алынды. Мекеменің қалдықтары тұрмыстық қатты қалдықтар, істен шыққан сынапқұрамдас шамдар, өтелген майлар, автошиндер, аккумоляторлар. Оларды ретке келтіру «Алди и К» компаниясымен келісім-шартпен жүзеге асырылуда. Мекеменің қауіпті қалдықтар төлқұжаты жасалған. Тексеріс қортындысы бойынша төмендегідей заңнама бұзылушылығына жол берілген.
1.Ұңғымадағы су тиімді пайдаланылмай,  тегістікке ағызылып топырақты құнарлылығына әсер етуі мүмкін;
2. Кірпіш зауытын салуға экологиялық сараптаманың қортындысы жоқ;
3. Қоршаған орта эмиссиясына рұқсат алынбаған;
4. Қалдықтардың пайда болу, әкету есебі жүргізілмеген;
5. Өкілетті органда қауіпті қалдықтар төлқұжаты тіркелмеген.
Жоғарыда жіберілген кемшіліктерді тізе отырып, тексеруші мемлекеттік экологиялық инспекторларымен мерзімі белгіленген уақытта жоюға нұсқау берілді. Егер аталған заңбұзушылық мерзімінде орындалмаса, мекеме басшысы әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Оны болдырмау үшін, мекеме тарапынан іс-шаралар жоспары жасалуы тиіс. Осындай жоспарлы тексеріс Тараз ЛПУМГ «Южный» «Интергаз Орталық Азия» АҚ экологиялық талаптарды сақтау бойынша тексеру жүргізілгенде қазандықтарды пайдаланғанда мөлшерден тыс шығарындылар тарап, газ құбырынан метан, алаңдарға су жіберу жүйесі арқылы мөлшерден тыс төгінділермен қатар, тазартқыш имараттарында санитарлық талаптардың бұзылуымен бірге,  жерқабатын мұнай өнімдерімен ластау сияқты қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін жалпы соммасы 830 000 теңгеге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, Сарыкемер ауылы әкімінің елдімекен жайының ластануына салғырт қарауынан, қалдықтардың бей-берекет шашылуына сәйкес, ҚР Экологиялық кодексінің  292-бабына сүйеніп, ауыл әкіміне 48450 теңге айыппұл салынды. Аудандағы білім мекемелерінің ауаға мөлшерден тыс шығарған шығарындыларының әсерінен табиғатты қалпына келтіру шығынының жалпы соммасы 1300 000 мың теңгені құрады.
Келесі бір күрделі мәселе - автокөліктер санының өсуі. Прокуратура өкілі мен департамент инспекторлары бірлесіп ұйымдастырған «Таза ауа» акциясы автокөліктер шығарындыларының атмосфераға таралатын, мөлшерден тыс улылығын анықтау болса, тексеру нәтижесінде 9 әкімшілік іс қозғалып, автокөлік иелеріне 15579 теңге айыппұл салынды.
Есепті кезеңде   Байзақ ауданынан 01.01.2012 ж. - 01.02.2013 ж. аралығында тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға түскен жертелімі жобасы – 1, ол кейбір қателіктерге байланысты кері қайтарылды, сондай ҚОӘБ (Қоршаған ортаға әсер ету жобасы) -1, оғанда келісім берілмеген. Жалпы алғанда аудан көлемінде құрылыс материалын өндіретін 3 өндіріс ошағы және ТҚҚ (Тұрмыстық қатты қалдықтар) қабылдайтын – 1 компания «Алди и К» ЖШС, 1 – газбен қамтамасыз ететін Тараз ЛПУМГ «Южный» «Интергаз Орталық Азия» АҚ, 13 елдімекенді құрайтын 13- ММ «Ауылдық округі» орналасқан.
Мемлекеттік аппараттың (саяси) басшылары, яғни ауылдық округ әкімдері өз құзырларының шегінде табиғат пайдалануды реттеп отыру міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктелетіні  ҚР Экологиялық Кодексінде айқындалғанына қарамастан кейбір ауылдарда өрескел заң бұзушылыққа жол берілгендігі анықталып отыр. Мысалы, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылы,  Сеңкібай көшесі, 8 үй 2 пәтер тұрғыны А. Рақұловтың шағымы бойынша 2012 жылы  № 46  Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы тіркеу және құқықтық статистика бойынша тіркелген,  тексерісті жүргізуге  тағайындалған  акті негізінде, Шу-Талас экология департаментімен жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп,  «Сарыкемер ауылдық округінің әкімі аппараты»  КМБ Әкіміне ҚР Экологиялық кодексінің 117 тармағын басшылыққа ала отырып, ҚР экологиялық заңнамаларын бұзғаны үшін нұсқама беріліп, нәтижесінде Сарыкемер ауылында ретсіз қалдықтардың бары анықталды, соған орай ҚР Экологиялық Кодексінің 292- бабына сәйкес коммуналдық қалдықтарды заласыздандыру және елдімекенді тазарту туралы іс-шаралар жасауға нұсқау берілді. Хатта көрсетілген деректер дәлелденіп, ауыл әкімі аталған кемшіліктерді жоюға 100 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылатынын хабарлады. Сонымен қатар ҚР ӘҚБК (Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі) -нің 261-бабымен 30 АЕК мөлшерінде шара қолданылды.           
Сондықтан бұл тақырыпты қозғауымыздың себебі кез-келген азамат төл табиғатына жаны ашып, немқұрайлы қарамайтыны барлық адамдарға ой салуы тиіс. Әрине бұл шараларды тұтасынан алғанда мемлекеттік табиғат қорғау бағдарламаларымен салыстырғанда теңізге түскен тамшыдай-ақ, қоғамның тұрақты дамуы үшін экология мәселелерін алдыңғы қатарға қоюды қажет етеді. Қазіргі орын алып жатқан экологиялық келеңсіз жағдайлар, халықтың экологиялық мәдениетін жоғары көтерудің жеткіліксіздігі болса, оны дамыған алдыңғы қатарлы елдер сатысына көтеру ең маңызды шара. Ең алдымен айналаға қоқыстарды лақтырмау, суды, энергияны үнемдеу әр азаматтың парызы екендігін ұмытпайық. Ауыл алтын бесік десек, сол ауылда тұрып жатқан тұрғындарды алда келе жатқан 5 маусым - Бүкіл дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мересімен құттықтап, табиғаттың таза болуы өзімізден басталатынын ескерткім келеді.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1093
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1093
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12840
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990932

Серіктестер