|
Атты тақырыпта Байзақ ауданы бойынша салық басқармасында дөңгелек үстел өтіп, оны осы басқарманың бастығы А. Серікбаев ашып, парақорлықтың адамзат пен қоғамға тигізетін залалы туралы
айтып өтті. Мұнан соң бас қосуға қатысып отырған «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Сарсенов: -Сыбайлас жемқорлық-қоғамның, тіпті тұтас мемлекеттің өркениетіне балта шабатын ауыр індет. Онымен күрес әрқайсымыздың басты міндетіміз ,-дей келе, «Сыбайлас жемқорлық» деген сөздің анықтамасына, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 7-бабында сыбайлас жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға бекітілген кепілдіктер жайында жан-жақты мағлұмат берді. Дөңгелек үстел соңында оған қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жоспарлы түрде жұмыс жасау, аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетудің маңызын сөз етті.
Өз тілшіміз.
|