Онлайн газет



Өңір берекесі

Өткен сенбі күні Сарыкемер ауылының орталық алаңында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге ауылдық округтердегі  шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің өнімдері қойылды. Шарада 560 мың теңгеден астам қаржыны құрайтын   
17 тонна азық-түлік тауарлары нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланды. Сондай-ақ, көпшілікке танымал «Әулие Ата Феникс» ЖШС-нің өнімдерімен қатар, өсімдік майы мен бал өнімдері тұрғындар назарына ұсынылды.
Жәрмеңкені аудан әкімі Р. Рахманбердиев пен оның салалық орынбасарлары  аралап, сөреге қойылған өнімдердің бағасымен танысты әрі аудан басшысы  «Әулие Ата Феникс»» ЖШС-нің  өнімі-құс етін, ара балын сатып алды.
Себелеп жауған  жаңбырға қарамастан  жәрмеңкеге келушілер қарасы қалың болды. Аудан тұрғыны Р.Айтәттіұлыны әңгімеге тартқанымызда: «Малға қажетті жемнің бағасы арзан болғандықтан бірнеше қап жем, тауық етін, 2 қап  картоп сатып алдым. Баға қолжетімді. Жәрмеңкеге шығарылған азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендігіне көңілім толды,-деп ризашылығын білдірді.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге келушілер  жылқы етінің әр келісін-1350 теңгеден, сиыр етінің келісін-1250 теңгеден, қой етін-1200 теңгеден, тауық етінің келісі-580 теңгеден саудаланды.Бір келі алма 180-230 теңгеден, пияз-50 теңге, картоп – 80 теңге, сәбіз – 70 теңге, қызыл қызылша – 90 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, семіз қойлар мен ешкілер де сатылымға шығарылды.
Сонымен қатар, ара балы, сүт өнімдері, шұжық түрлері, «Рола-7» ЖШС-нің макарон өнімдері, жұмыртқа сынды басқа да ауыл шаруашылығы тауарларымен қатар қымыз, шұбат сусындары үлкен сұранысқа ие болды.

Г. Ермұратова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 05.04.2017 11:15
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1132
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1132
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12879
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990971

Серіктестер