Онлайн газет



ҒАЗИЗ БАЙТАСОВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР ӨТТІ

Ерліктің үлгісіне айналып, жасындай жарқ етіп үзіле барған жас ғұмырдың бейнесі халық жадынан өшпек емес. Тараз қаласында 2011 жылдың 12 қарашасы күні елді дүр сілкіндірген лаңкестік оқиға үстінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу мақсатында Түймекент ауылында волейболдан 2001-2002 жылы туылған  жасөспірім ұлдар арасында VІ-ші облыстық ашық турнир өтті. Турнирге  облыс аудандары мен Тараз қаласынан, жалпы  саны 18  командадан 180 волейболшы қатысты. 
Атаның ғана емес адамзаттың ұлына айналған хас батырдың  бейнесі сомдалған суретпен безендірілген спорт зал өмір, елдік мүдде, қызметке адалдық, отаншылдық сезімінің құдіретін  ұқтырғандай  әсерге бөлейді. Турнирдің ашылуында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Омаров сөз сөйлеп, іс-шараның тағылымдық мәнін ерекше атап өтті.  Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың сынып жетекшісі Ш.Үкібаева, жары Г.Тәжиева мен екі ұлы, бауырлары мен қызметтес досы,  ішкі істер органының капитаны Ш.Әліпбаев турнирдің ашылуына арнайы келіп қатысты. Досы бейбіт өмірде лаңкестік оқиғаның құрбанына айналған Ғ.Байтасовтың өз міндетіне адалдығын жастарға үлгі ету мәселесін тілге тиек етсе,  жары Г.Тәжиева ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі өлшеусіздігін айтып, еске алу турнирін  ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Отаншыл сезімді ұландардың қалыптасуына абыройлы тұлғалардың ерлігін насихаттау қай кезде маңызды іс. "Асыл жан" би тобы қазақ биі орындаса, оқушылар «Жаса қазағым», «Қазақстаным» әндерін шырқады. Мемлекеттік  гимн орындалған соң, спорттық жарыс кезеңі талапқа сай қарқын алды. 
Батыр ерлігін ұлықтаған  жарыста командалар арасынан бірінші орынды Тараз қаласы, екінші орынды Жуалы ауданы, үшінші  орынды аудандық Байзақ командасы иеленді. Жеңімпаздар мен  жүлдегерлер Кубокпен, медальдар, Дипломдар және сыйлықтармен, сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен ойыншылар Кубоктармен, ал,төрешілер Дипломдармен марапатталды. Марапаттарды ауылдық округ әкімі Б.Алсейтов пен №1 БЖСМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Шаухаров табыстады.
“Ер есімі – ел есінде”  демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аға ұрпақтың, бүгінгі күннің батырының ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

М. МАНЕКЕЕВ.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1131
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1131
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12878
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990970

Серіктестер