| ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК |
|
Бұл туралы аудан әкімі Р.Рахманбердиевтің аудан аумағындағы ауылдардың тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында Дихан және Түймекент ауылдық округтеріндегі іссапары кезінде кеңінен сөз болды. Дихандық және түймекенттік шаруалармен, ауыл қарияларымен өткен кездесуде аудан басшысы соңғы екі жылда қант қызылшасын өндіру тетіктеріне облыс, аудан басшылығы тарапынан ерекше назар аударылып отырғанын, осы уақыт аралығында тәтті түбір еккен шаруа қауымның жеткен жетістіктерін мысалға ала
отырып, ағымдағы жылы да аудан аумағында қант қызылшасын егуге басымдық берілетінін жеткізді. Сонымен қатар, өнім өндіруді дамытудың ең тиімді жолы ретінде ұсақталып кеткен шаруа қожалықтарды ірілендіру арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, пайдаланылмай жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару немесе оларды тиімді пайдалану жұмыстарын атқару, суармалы егістіктерге арқа сүйей бермей, тәлімді жерлермен де жұмыс істеуді жандандыру туралы сөз қозғады. Сондай-ақ кездесу жиындарына шаруа қожалық жетекшілерінің толықтай қатысуы керектігін ескертті. Осы басқосуда аудан әкімі міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне де көңіл аударды. Ауылдық округ әкімдері мен ақсақалдар алқасы мүшелерін бірлесе жұмыс атқарып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және көктемгі тазалық айлығына біркісідей атсалысуға шақырды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да көкейлерінде жүрген баршаға ортақ мәселелерді ортаға салды. Қариялардың көтерген мәселелеріне қатысты нақты жауаптар берілді. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары аудан басшысының жұмысына сәттіліктер тілеп, баталарын берді. М. МАНЕКЕЕВ. |
| Обновлено 03.04.2017 21:31 |
Халыққа жолдау









![]() | Бүгін | 1115 |
![]() | Кеше | 1784 |
![]() | Осы аптада | 1115 |
![]() | Өткен аптада | 13521 |
![]() | Осы айда | 12862 |
![]() | Өткен айда | 64729 |
![]() | Бәрі | 3990954 |
Серіктестер














