Онлайн газет



Өзекті мәселелер қаралды

29 наурыз күні әкімдіктің мәжілістер залында аудандық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясы болып өтті. Аудан әкімі Р. Рахманбердиев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім, кәсіпорын, мекеме басшылары қатысқан сессияға № 5 сайлау округінен депутат С.Молдабеков  төрағалық жасады.


Сессия күн тәртібіне 13 мәселе шығарылды.Алдымен мәслихат депутаттары алдында аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков «Ауданда Қазақстан Республикасының «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» баяндады. Бұдан кейін аудандық мәслихаттың депутаты А.Жәмішжанов  «Аудандық мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы» есепті баяндама жасады.
Бұдан бөлек сессияда «Байзақ аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы», «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы», «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы», «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы», «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 25 ақпандағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» №9-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 тамыздағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» № 19-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 маусымдағы «Аудан әкімінің жанындағы нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның құрамы туралы» № 16- 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы,  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 тамыздағы «Байзақ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның құрамы туралы» № 19 -8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы және аудан әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына қатысқан аудан басшысы күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша сөз сөйледі.
Сессия отырысының соңында №8 сайлау округінен сайланған депутат Ж.Нұрбаев аудандық мәслихаттың кезекті ХІІІ сессиясының төрағалығына сайланды.

Г. ЕРМҰРАТОВА.
Өз тілшіміз.

Обновлено 03.04.2017 21:28
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1101
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1101
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12848
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990940

Серіктестер