|
Бүгінгі таңда, аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Осыған сәйкес, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің тарапынан “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы егістік жерлерге ауыл шаруашылығы дақылдарын болжамды орналастыру жоспары бекітілген.
Көктемгі егіс дала жұмыстарына әзірлік жұмыстарын жүргізу, ауыл және ауылдық округтердегі агроқұрылымдар, шаруа қожалықтар және жұртшылық бойынша “4-АШ” есебін уақытылы және тиянақты дайындау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын егетін шаруашылықтарды қазіргі уақыттан бастап анықтап, тізімдерін алдын-ала дайындау жөнінде
ауыл және ауылдық округ әкімдеріне хат жолданып, жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен белгіленген Меморандумға сәйкес, осы жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды орналастыру жоспары жасалып, тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, масақты және дәнді дақылдар 13900 гектарға, оның ішінде: күздік бидай 5000 га, жаздық арпа 6800 га, дәндік жүгері 2100 га егілмек. Бұдан бөлек майлы дақылдар 4720 га, қант қызылшасы 2200 га, картоп 660 га, көкөністер мен бақша 7500 га, оның ішінде: көкөністер 5500 га, бақша 2000 га егіледі деп жоспарлануда. Ал, мал азықтық дақылдар 22690 га, оның ішінде: бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөп 17990 га, жаңа егілетін көпжылдық шөп 4700 га, басқа дақылдар 50 га (үрме бұршақ), барлық егілетін жер 51720 га құрайды деп жоспарлануда. Осы жылдың өніміне дақылдар егу үшін жалпы сүдігер жырту 29880 гектарға жоспарланса, жыртылған сүдігер көлемі 22550 гектарды немесе 75,5%, оның ішінде қант қызылшасы үшін көтерілген сүдігер 2000 гектар немесе 90,9% құраған. Қант қызылшасын 2200 гектарға егу жоспарланып, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп қант қызылшасы дақылын егемін дейтін шаруашылықтарды анықтау, қант қызылшасы дақылын ағын су жақсы баратын егістік алқаптарға орналастыру бойынша жұмыстар атқарылуда екен. Бүгінгі күнге қант қызылшасын егетін шаруашылықтар анықталып, тізімі облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына беріліпті. Олардың жалпы көлемі 1944 гектар, оларға қажетті тұқым көлемі 2754 себу бірлікті құраған. Аталмыш тұқым Тараз қаласындағы "Қант" зауытынан алынатын болады.
М. Шалғынбай. Өз тілшіміз. |